Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тағы бір әуе тасымалдаушы пайда болады

Қазақстанда тағы бір әуе тасымалдаушы пайда болады

Қазақстандық Sunkar Air жеке компаниясы елге Bombardier Challenger 850 және Boeing 737-300 атты әуе кемелерін әкелді. Енді компания алдағы уақытта жұмыс бастауды жоспарлап отыр. 

«Біз әзірге қажетті құжаттарды жинастырудамыз. Әуе кемелері Алматы және Астана халықаралық әуежайларында орналасатын болады», — дейді Sunkar Air қызметкерлері. LY-ZAB  тіркеу нөмірі бар Challenger 850 ұшағын қазақстандық компания литвалық Avia Solutions Group холдингімен келісім аясында лизинге алды. Сонымен қатар, 18 маусым күні Алматы қаласына LY-AQX тіркеу нөмірлі Boeing 737-300 ұшағы әкелінді. Sunkar Air  1990 жылы шыққан машинаны қазақстандық компания жеке иелікке алған. Әуе кемесінің осыған дейінгі пайдаланушысы литваның Small Planet Airlines чартерлік компаниясы болған. Сертификат алған соң Challenger 850 мен Boeing 737-300 күнделікті емес чартерлік сапарларды іске асыратын болады. «Бізде тұтынушылар мен компаниялардың бірлескен ортасы бар. Біз солар үшін сапар жасайтын боламыз. Осылайша, біз қазіргі әуекомпанияларына бәсекелестік туындатпайтын боламыз. Коммерциялық әрекеттерді Қазақстан республикасы мен таяу шетел аумағында іске асырамыз», — дейді Sunkar Air. Қазақстандағы әуетасымалдаушы ретінде тіркеуден өткен соң автоматты түрде Еуроодақтың қара тізіміне кіретініне компания әсте қапа болып отырған жоқ. Sunkar Air басшысы Талғат Жолдыбаев осыған дейін "Инвест Авиа" әуекомпаниясын басқарған. Бірақ, өткен жылдың желтоқсан айында ҚР инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті "Инвест Авианың" сертификатының күшін жояды. Комитет мүшелерінің айтуынша, жұмысты тоқтатудың себебі канадалық өндірістен шығатын ұшақтар құжатының жалған болуы. Аталған әуекомпаниясының қайтадан жұмыс бастауы туралы ештеңе айтылмаған. Қазақстандағы коммерциялық ұшулар қатарына Sunkar Air -дан бөлек, Qazaq Air әуекомпаниясы да қосылмақ.

Похожие материалы