Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда танымал 20 автокөлік

Қазақстанда танымал 20 автокөлік

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 43 мың 845 жеңіл автокөлік түрлерін сатты. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 53,6%-ға төмен. Шетел валютасында сатылған нарық көлемі 869,9 млн долларды құрады (-47%). Бұл туралы «ҚазАвтоПром» Қазақстан автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Импортталған автокөліктер саны 75% (32 мың 959) болды. Ал отандық кәсіпорындар өнімін сатып алушылардың 25% (10 мың 886) таңдады. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда ең көп сұранысқа ие брендтердің көшін Toyota бастап тұр. Бір жыл ішінде республика аумағында 8809 жапон автокөлігі сатылды. Lada моделінің өтімділігі 8146 бірлікті құрады. Үшінші орында 3748 сатылған автокөлік санымен Renault маркасы тұр. Бестікті 3535 бірлікпен Hyundai және 3 229 бірлікпен KIA аяқтайды. Ал жиі сұранысқа ие маркалар ондығына GAZ (2247), Volkswagen (1981), UAZ (1853), Nissan (1423) және Chevrolet (1122).

Ал жеңіл коммерциялық моделдер тізімінде Toyota Camry (3148) бірінші тұр. Одан кейінгі 3 қатарда Lada моделдері тұр. Олар: Lada Priora (2285), Lada 4x4 (2221) және Lada Granta (1883). Алғашқы бестікті аяқтайтын Renault Duster (1749).

«Өткен жылы авторитейлде құлдырау болмады. Алайда IV квартал қорытындысы бойынша қаржы нарығы өсті.  Желтоқсанда $293 млн-ға өсті, бұл өткен жылға қарағанда 12%-ға көп. Соның арқасында 2016 жылдың басынан бастап сауда жақсы өтті»,-деді «КазАвтоПром» автокөлік саласындағы кәсіпорындар Одағының басқарма төрағасы Олег Алферов.

Сонымен қатар, ол басты құрылымдық өзгеріс авторитейлдің көлеңкелі сектордан шығуы деп отыр. «Егер 2015 жылы ресми дилерлердің үлесіне барлық тіркеудің тек 55%-ы тиген болса, өткен жылы жеңіл автокөліктердің 93%-ы дамыған сегментте жүзеге асырылды. Жыл қорытындысы бойынша автокөлік компаниялары республика бюджетіне 18,9 млрд теңге құйды. Бірақ валютаны тұрақты сақтау шарттарында ғана 2017 жылдан бастап өсім байқала бастайды»,-деп атап өтті «КазАвтоПром» төрағасы.

Похожие материалы