Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тіркелген көлік құралдары 13,4 пайызға артты

Қазақстанда тіркелген көлік құралдары 13,4 пайызға артты

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда 2018 жылдың бес айының қорытындысы бойынша 2017 жылмен салыстырғанда көлік құралдары 13,4% көп тіркелді, деп хабарлайды ҚазАвтоӨнеркәсіп мекемесінің баспасөз қызметі.

Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындар одағының хабарламасында көрсетілгендей, есептік кезеңде әкімшілік полиция органдары 501 652 көлік құралын есепке қойған. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 13,4%-ға артық. Оның ішінде, 472 367-сі көлік илерінің ауысуына байланысты қайта тіркелген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 12,3%-ға жоғары (420 447). Бірінші рет 29 285 көлік құралы тіркелген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 32,6%-ға көп.

Автомобиль нарығындағы мәмілелер динамикасы бұрынғыша отандық парктің ескіріп жатқандығын көрсетеді. Екінші нарықта қайта сатылған шығарылғанынан 20 жылдан астам уақыт өткен көліктердің үлесі 2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 35,8% 39,4% өскен. Ал, 1-3 жыл аралығындағы көліктердің саны 7,5% 3,2% дейін қысқарған.

Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында қайта тіркелген көліктердің ең көп үлесі Алматы (73 100) және Оңтүстік Қазақстан облыстарына (69 754), Алматы қаласына (57 615) тиесілі. Ал, жаңа көліктердің көп саны Алматы (1 503, 20,3%), Астана (1 124, 15,2%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (693, 9,4%) тіркелген.

Похожие материалы