Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы Stada сатылымдары 37%-ға төмендеді

Қазақстандағы Stada сатылымдары 37%-ға төмендеді

Қазақстандағы германиялық фармецевтикалық Stada концернінің сатылым көлемі 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13,4 миллионға дейін төмендеп кеткен. Бұл жөнінде компанияның қорытынды есебінде айтылды. Компанияның ТМД, Шығыс еуропа елдеріндегі сатылымдары 564,5 миллионға жетіп, 10%-ға азайған. Өткен жылдық валюта курсымен есептегенде сатылым көлемі 5%-ға өскен.

Өткен жылдық концерн сатылымы көлемі 2,062 млрд еуроны құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 3%-ға көбейген. Stada-ның таза табысы 64,6 млн еуроны құрап, жалпы есепте 47%-ға төмендеді.

STADA  Қазақстан фармацевтикалық нарығындағы ең ірі компаниялардың сегіздігіне кіреді.

STADA Дрезденде (Германия) 1895 жылы құрылған компания. Бұл атау Standard Arzneimittel die Deutscher Apotheke сөздерінің қысқартылуынан шыққан. Аудармасы - неміс дәріханалары өнімдерінің стандарты.

Похожие материалы