Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендеді

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендеді

Қазақстандағы жұмссыздық деңгейі 2015 жылдың 1 тоқсанында 5% құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистка комитеті хабарлайды.

2015 жылдың 1 тоқсанында жұмыссыздардың жалпы саны 4556 мың адамды құрады. 2014 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда аталған көрсеткіш 8,4 мың адам немесе 1,8%-ға азайған. Осы арада статистика комитетінің мәліметінше, 15-тегі және одан жоғары жастағы экономиикалық белсенді халық саны 9,1 млн адамды құрады. Өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,4%-ға өскен. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 8,6 млн адам немесе 15-тегі және одан жоғары жастағы халықтың 67,5%-ы жұмыспен қамтылды. 2014 жылдың 1 тоқсанындағы статистикамен салыстырғанда олардың саны 48,6 мың адамға көбейген. Статистика бойынша, жұмыспен қамтылғандардың негізгі үлесі ұйымдарда қызметке тұрған. (85,% немесе 5,3 млн адам)  Өздігінен жұмыспен қамтылғандар саны - 2,5 млн.  Олардың ішінде 47,1%-ы ауыл шаруашылық саласында, 25,3%-ы сауда саласында, 9,1%-ы транспортты қызмет және 7,1%-ы транспортты қызмет көрсету саласында қызметке орналасты. Осыған дейін хабарланғандай, 2015 жылдың басынан бері 2 мың адам жұмысынан қысқартылды. Табысынан айырылған адамдар жұмысын жоғалтқаны туралы жәрдемақы алуына немесе кәсіби дайындықтан өтулеріне мүмкіндік бар.  

Похожие материалы