Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жыныстық азшылық өкілдеріне арналған сайт ашылды

Қазақстанда жыныстық азшылық өкілдеріне арналған сайт ашылды

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz – Қазақстандық ақпарат кеңістігінде ЛГБТ өкілдеріне арналған сайт ашылды. Жаңа ресурс қазақ, орыс және ағышын тілінде ақпарат таратады.

1 наурыз күні іске қосылған жаңа портал Kok.team деген атауға ие. «Бұл тәуелсіздік кеңістікте гейлер, лесбилер мен бисексуалдардың (ЛГБТ) мәселелеріне арналған мақалалар және зерттеу нәтижелер жарияланатын болады», — делінген сайттың баспасөз релизінде.

Портал редакциясы «Қазақстандағы 7-10 пайыз шамасындағы тұрғындар  баламалы сексуалдықты ұстанады» деген статистика келтіре отырып, осы бағытта «тартымды ақпарат жариялайтын тақырыптық ресурс жоқ» екендігін жазады. Енді жаңа сайт «осы олқылықтың орнын толтыру үшін» ЛГБ өкілдерінің «шындығы, өмірлерінің әлеуметтік-психологиялық аспектілер» туралы ақпарат ұсынады. «Біз оқырмандарымыздың ЛГБ тақырыптар туралы қазақша материалдарды қуана қабылдаймыз», — дейді олар.

Әзірге сайттың қазақ тілді бөлімінде еліміздегі ЛГБ таралуы туралы «Адамыз қоғамдастық» және Қазақстандағы ЛГБ жасөспірімдерінің өмірі жайында Open Asia-ның «Біз бармыз!» атты екі материал жарияланған. Орыс және ағылшын бөлімдеріндегі контент саны біршама көбірек.

Өздерінің жазуынша, редакцияның жұмысын ешкім қаржыландырмаған, порталдың іс-әрекетін волонтерлер тобы қолдайды.

Похожие материалы