Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық тұңғыш автономды тоңазытқыш құрастырылды

Қазақстандық тұңғыш автономды тоңазытқыш құрастырылды

Өскеменде тұңғыш автономды тоңазытқыш құрастырылып шықты. Бұл жөнінде «Вибромаш УК» ЖШС кәсіпорнының төрағасы Анатолий Ковшик хабарлады. Ендігі мақсат – тоңазытқышты іс жүзінде сынау.

Жылы мезгілдерде жұмыс жасауы үшін оны алдымен суықпен «қуаттау» керек. Ол үшін кез келген төмен температура жарай береді. Одан бөлек, 25 градустан төмен аяз кезінде толық қуаттап шығу үшін бірнеше апта қажет болады. Одан кейін тоңазытқыш келесі аяз түскен уақытқа дейін бірнеше ай бойы жұмыс жасай алады. Толықтыру және салқындату режимдеріне ауысу автоматты түрде жүреді. Бастапқы кезде автономды тоңазытқышты шаруа қожалықтарының бірінде ет сақтау үшін қолданып көрмекші болған. Бірақ, Ковшиктің сөзіне сүйенсек, агрегатты кешенге енгізіп, жұмысты бастау үшін жылу құбырлары қажет екен. Оларды қондыру шамамен бес миллион теңгеге шықса керек. Сол себепті, өнертапқыштар бүгінде демеуші іздеу үстінде. Агрегатты 2015 жылдың соңына дейін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Автономды тоңазытқыш фермерлік шаруашылық қоймасында қолдануға арналған. Бұл өнертабыс түріне Қазақстан энергетика Министрлігі қызығушылық танытып отыр. Дереккөз: Tengrinews.kz

Похожие материалы