Қазақстандықтардың Түркиядан жылжымайтын мүлік алуға деген қызығушылығы өсіп жатыр. Бұл жөнінде Hayat Estate шетелдік жылжымайтын мүлік агенттігінің басқарушы серіктесі Вячеслав Фоменко жеткізді.
2015 жылдың бірінші тоқсанында Түркиядан қазақстандықтардың алған пәтерлер саны өткен жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 30%-ға өскен. Тұрғын-үй сатып аланып жатқан аудандардың басым көпшілігі - Стамбул, Жерорта теңізінің жағалауындағы Алания мен Анталия.
«Шағын пәтерлер құны 50-60 мың еуро, теңіз жағасындағы виллалар - 150-200 мың еуро. Мәселен, Аланияда 40 мың еуроға ауданы 40-50 шаршы метр болатын, теңізден 300 метр қашықтықтағы, жаңа кешенде орналасқан, асханасы мен жуынатын бөлмесі жабдықталған пәтер алуға болады», — дейді сарапшы.
Стамбулда қайталама нарықтағы тұрғын-үйдің орташа бағасы шаршы метрі үшін 960 еуроны, негізгі нарықта - шаршы метрі үшін 1 300 еуроны құрайды. Ал, Аланиядағы жаңа түрғын-үйлер шаршы метріне 800 еуродан басталады. Орта мүліктің құны - шаршы метріне 400 еуро.
Сонымен қатар, сатып алушы Түркия банкінен 50%-ға дейінгі мөлшерде ипотекалық несие ала алады. Қарыз еуро, доллар және түрік лирасымен беріледі. Одан бөлек, түрік банктерінен 20 жылға дейінгі мерзімде несие алуға мүмкіндік бар.
Түркиядан жылжымайтын мүлік алу үшін шетелдік төлқұжат қана керек. Бастапқы жарнасы тұрғын-үйдің бағасының кем дегенде 30%-ын құрайды. Кепілге сатып алынған пәтер алынады.
Қазақстандықтар көп жағдайда Түркияда тұрақты тұру үшін жылжымайтын мүлік сатып алады. Шетелдіктерге түрік қалаларындағы жағымды климат, қолжетімді әрі дамыған инфрақұрылым ұнайды. Әрі визасыз режимі де қолайлы.
Сонымен бірге сатып алушылар Түркиядан тұрғын-үй сатып алуды тиімді салым әрі депозитке балама ретінде қаржыны сақтаудың оңтайлы тәсілі ретінде көреді. Ал, кейбір сатып алушылар жайлы демалыс ұйымдастыру үшін және жалға беру үшін қолданады.