Әзірбайжанның Қаржы нарығын қадағалау палатасы ұлттық және шетел валютасына қатысты тұтынушылық несиелендіру ережелері мен пруденциалдық құрылымды бекітті. Бұл туралы палата хабарламасында айтылды, деп жазды Trend.
Қадағалау палатасы банктік салымы мен валюталық кірісі жоқ тұлғаларға шетел валютасында тұтынушылық несие беруге байланысты 4 сәуіде қабылданған мораторийді өз күшінде қалдырды.
Сондай-ақ, Әзербайжанда шетелдік валютада ипотекалық несие беруге шектеу қойылуда. Сондықтан банк нарығындағы реттеуші қарыз алушының кредитті қамтамасыз ете алуына және табысына байланысты коэффициент енгізуді жоспарлап отыр.