Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастарының өзекті салалары

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастарының өзекті салалары

Қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, ғасырлар бойы адамзат қызметінің барлық салаларында өзара байланысқан қазақ және орыс халықтарының қатынастарынан бастау алады. Екі елде ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.

Екі елдің тығыз байланысының тұтас бір кезеңді қамтыған тарихы, бір мемелекет құрамындағы өзара байланысы жаңа егеменді мемлекеттер-Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең дәрежелі әріптестік пен достық қатынастарының қалыптасуына негіз болды.

Курстық жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екі жақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екі жақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.

Негізгі әдебиеттер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екі жақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.

Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ.Тоқаевтың «Ресей мен Қазақстан» атты  монографиялық еңбектері мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн.

Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т.Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екі жақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. Осы ынтымақтастықтың жай-күйі Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және оның алғашқы қорытындыларымен қатар талданады. Экономикалық ынтымақтастықтың өзекті салалары ретінде отын-энергетика, қаржы-несие және банк салаларындағы алғашқы байланыстар аталып өтеді. Авторлар тобымен жазылған «Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық басымдылықтары» атты еңбек курстық жұмысын жазуға үлкен үлес қосты. Кітапта Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының жекелеген салалары: сауда қатынастары, энергетика саласындағы ынтымақтастық, көлік-коммуникациялық байланыстар және ынтымақтастықтың өзге де салалары қарастырылады. Еңбектің құндылығы экономикалық байланыстарда екі ел арасында қол жеткізілген нәтижелермен қатар, кейбір кемшіліктер мен оларды шешу жолдары, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту әдістері келтіріледі. Посткеңестік аумақтағы интеграциялық үрдістер Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Мәселен, Кеден одағы, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар екі ел арасындағы кейбір экономикалық, кеден мәселелерін шешуге септігін тигізуде. Өз кезегінде, Қазақстан мен Ресей тарапынан көтерілген бастамалар интеграцияның тереңдеуіне үлес қосып келеді. Тіпті, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей интеграцияның қозғаушы күші ретінде танылады. Қазақстан-Ресей байланыстары қарастырылған ресейлік авторларының еңбектері қатарынан «Внешняя политика и безопасность современной России - 1991-2002 годы» атты төрт томдық хрестоматиясын атап өтуге болады. Кітаптың негізгі бөлімі Ресей Федерациясының халықаралық және аймақтық деңгейдегі саясаты, екінші кітапта ТМД елдерімен байланысы қарастырылады. Арнаулы бөлімде Қазақстанмен экономикалық байланысы талданады.

Ресей стратегиялық зерттеу институтының авторлары тобымен жазылған «Қазақстан: тәуелсіз дамудың бүгінгі жағдайы мен келешегі» атты кітабы тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық дамуын зерттеген алғашқы еңбегі болып табылады. Жұмыста нарықтық қатынастардың дамуы негізінде Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары да қарастырылады.

Кейбір мақалаларда Ресей мен Қазақстан арасындағы тең құқықты және өзара тиімді байланыстары жөнінде айтыла келіп, Орталық Азия аймағындағы көп жағдайда бір жақты пайда алып келетін Ресей мүдделері және оны жүзеге асыру жолдары ашық көрсетіледі.

Жалпы, Қазақстан-Ресей қатынастары тақырыбында жарық көрген әдебиеттердің көп болумен қатар, екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген салалары жете қарастырылмағанын аңғаруға болады. Мәселен, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласы екі жақты байланыстың басты бағыты саналатын отын-энергетика кешенімен саластыра алғанда зерттелу деңгейі төмен. Осы орайда, екі ел саясатын ДСҰ кіру ниеті аясында қарастырсақ, дайын өнім түрлерін өндіру мақсатында екі елдің өндірістік потенциялын дамыту өзектілігі туындайды. Бұл жағдайда бастамалық роль сала мамандарына берілуі тиіс.

Жұмыстың әдістемелік негізін халықаралық қатынастарды сараптаудың дәстүрлі теориялары либерализм және саяси реализм бағыттары негізге алынды. Либералды идеалистік көзқараста тұжырымдалған мемлекетаралық қатынастардағы халықаралық құқық нормаларының жетекшілік ролі, яғни ондағы демократиялық, әділеттілік принциптері мен жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, егемендікті құрметтеу және өзара тиімді ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей қатынастарының қазіргі сипаты болып табылады.

Ұлттық мүдде, күштер тепетеңдігі, басымдылық ұғымдарын негізге алған саяси реализм бағыты мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық байланыстарын зерттеуге үлкен үлес қосты. Бұнда ынтымақтастық мәселелері мемлекеттің ұлттық мүддесі шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттер арасындағы ынытамқтастық қолайлы халықаралық орта құру қажеттілігінен туып, өзге елдермен достық, татулық қатынастар орнатуды көздейді. Саяси реализмнің көрнекті қайраткерлерінің бірі А.Уолферстің белгілеуінше, мемлекетаралық ынтымақтастықтың ішкі және сыртқы қозғаушы күші болады. Бірімемлекеттің өз ішіндегі жағдайын жақсартуға деген ұмтылысы болса, екіншісісыртқы қауіпке бірлесе қарсылық көрсету. Жоғарыда аталып өткен екі стимул Қазақстан-Ресей қатынастарынан да байқалады.

Сондай-ақ, өзара байланыстылық теориясын ерекше атап өтуге болады. Бұл бағыт мемлекетаралық қатынастар кеңістігін ресми байланыстар, өзара әріптестік жиынтығымен қатар, бейресми қатынастар тұрғысынан да қарастырады. Бейресми қатынастарға сыртқы саяси элиталардың, үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдар арасындағы тығыз байланыстармен сипатталады.

Курстық жұмысымның мақсаты – стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы және қазіргі жағдайына талдау жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының құқықтық-келісімдік негізін қарастыру;

- интеграциялық бірлестіктер қызметінде Қазақстан мен Ресей орнын анықтау;

- екі жақты экономикалық байланыстарды жекелеген салалар мен бағыттарға бөліп қарастару;

- отын-энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар және оның қазіргі жағдайын сипаттау;

- сауда қатынастарының қазіргі жағдайын талдау;

- екі жақты экономикалық қатынастардың басқа да өзекті салалары мен бағыттарын қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспе, қорытынды бөлімдері мен екі тараудан, қосымшадан тұрады.

1 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына экономикалық-географиялық сипаттама және халықаралық экономикалық қатынастар

1.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы түсінігі

Қазіргі заманда халықаралық экономикалық қатынастар адам өмірінде ерекше зор рөл атқарады. Ешқандай тұйық құрылымдардың, аймақтық интеграциялық топтардың халықаралық, дүниежүзілік қатынастарды алмастыра алмайтынын тәжірибелер көрсетуде.

Батыстың экономикасы дамыған елдері мұны өзгелерден ерте түсінді. Олар халықаралық экономикалық байланыстарда жетекші орындарды ұстап отыр: мұндай байланыстардың барлық түрлерінің ⅔-сінен ¾-іне дейіні осылардың үлесіне тиеді. Тауарлар мен қызмет көрсетуді экспорттаудың арқасында олардың көпшілігі өз табыстарының айтарлықтай, кейде тіпті басым бөлігін қамтамасыз етеді. Нақ осындай елдерді экономикасы ашық елдер деп атауға болады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастардың жандануы бірқатар факторлармен шартталады. Біріншіден, екі ел экономикаларының құрылымдық ұқсастығы мен өзара тәуелділігі. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей иелігіндегі бай табиғи ресурстарының ұқсастығы. Үшіншіден, екі ел арасындағы сауда көлемінің үлкендігі. Сондай ақ, ерекше атап өтетіні, әлемдік экономикалық жүйеге ену шарттарының ұқсастығы. Осы бағыттағы Қазақстан мен Ресей алдындағы негізгі басымдылық әлемнің 150 елін біріктірген беделді Дүниежүзілік сауда Ұйымына мүше болу ниеті. Қазақстан ұйымға ену жөніндегі келіссөздерді 1996 жылы, ал Ресей 1993 жылдан жүргізіп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан келіссөздерді аяқтауға таяп, ішкі заңнамалық негізді жетілдіруді жүзеге асырып келеді. Дегенімен, Қазақстан мен Ресей ұстанымы ұйымға бірлесе ену. Өйткені қазақстандық және ресейлік мамандардың белгілеуінше, Қазақстанның шет елдермен тауарайналым көрсеткішін алғанда, еліміздің басты сауда серіктері ДСҰ мүшелері емес, бұрынғы кеңес мемлекеттері. Ресей көрсеткішінде де Қазақстан Украина және Беларусь Республикасымен қатар алдыңғы орынға шығады. Яғни, Қазақстан мен Ресей екі елдің көлік-коммуникациялық мүмкіндіктерін және тығыз байланысқан жүйені дайын тауар өндіретін біртұтас өндіріс орны ретінде тиімді пайдалануы қажет.

Қазақстан мен Ресей байланыстарына талдау жасай отырып, посткеңестік аумақта интеграциялық үрдістерді дамытуға деген екі ел ұстанымының ортақ болуын ерекше атап өткен жөн. Жалпы, Еуразия кеңістігіндегі геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделер Қазақстан мен Ресейді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, территориялық тұтастық және егемендікті құрметтеу принциптері негізінде өздерінің айналасында тату көршілік аумағын құруға мүдделі мемлекеттер етінде ерекше ролін анықтап берді. Осы бағытта Қазақстан мен Ресей бірінің көтерген бастамасын екіншісі қолдап келеді[1].

1.2 ҚР мен РФ арасындағы экономикалық қарым-қатынастың даму кезеңдері

1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік егемендігін таныды. КСРО Одағы тарағаннан кейін Қазақстан мен Ресей саяси-экономикалық қатынастарды жаңғыртты. 1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды. 1992 жылы - Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы және Астрахань қаласы мен Омск қаласында Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Ресей Федерациясының Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды. Әскери және әскери-техникалық сала бойынша ынтымақтастықтың негізі болып 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады. Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік жағдайларында оқиды. Қазақстан тарапы өзіне тыңдаушылар мен курсанттарды қамтамасыздандыруды алады, ал Ресей тарапы олардың оқуына өз қаражаттары есебінен төлейді. Қазақстан мен Ресей арасында 1999 жылдан бастап Үкіметаралық комиссия жұмыс жасайды, оның шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері шешіледі. 2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше жән Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарников. Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 18 пайыздан астамын құрайды. 2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Үкіметтері арасында Каспий маңында газ желісін құру ынтымақтастығы туралы келісім жасалды. Ол бойынша тараптар, түркмен және қазақстан табиғи газын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан аймақтарына тасымалдау үшін «Окарем-Бейнеу» және «Орталық Азия-Орталық»  газ желісін қайта құруды есепке алып, «Белек» (Түркменістан) компрессорлық бекетінен бастап «Александров Гай» (Ресей) газ өлшейтін бекетке дейін  Каспиймаңы газ желісі құрылысын жүзеге асыруды қаматамасыз етеді[2]. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша ынтымақтастық қарқынды дамуда. МАГАТЭ-ның бақылауымен Ресей аумағында ядралық отын цикл қызметін көрсететін, соның ішінде уранды байыту, басқа елдер қатысуы үшін Халықаралық орталық құрылып ашылды. Ғарыш саласы бойынша ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда. «Байқоңыр» кешенін бірігіп қолдану саласында Қазақстан мен Ресей маңызды жұмыстар атқарды. Дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыс мұнан әрі дамуда. 2007 жылы қазан айында білім, гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), туризм және спорт, денсаулық сақтау, жастар ұйымдарының қызметтері және тағы басқа салаларға арналған нақты шараларды жүзеге асыру жөнінде 2007-2010 жылдар аралығында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласы бойынша Мемлекетаралық бағдарламаға қол қойылды. Екі мемлекет азаматтарының құқықтық теңдігін, халықтардың мәдениетін дамытуды, білім алу, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді сақтау және дамыту, діни-рухани қажеттіліктері және ана тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналым 19,9млрд. АҚШ доллларын құрады, 2007 жылмен салыстырғанда 22 пайызға жоғарлаған. 2008 жылы Ресейдің құбыр желісі жүйесі арқылы жақын елдер мен алыс шетелге Қазақстан мұнайының 60 млн. тоннадан астамы   тасымалданды. Қазақстан мен Ресей екі жақты ауқымда Каспий теңізінің қайраңын бөлу туралы сұрақты шешті. Жер қойнауын қолдану мақсатында Каспий теңізінің түбінде біздің елдерді бөліп тұратын түрлендірілген орта сызық жүргізілгендігі, сонымен қатар «Құрманғазы», «Орталық» және «Хвалынское» кен орны құрылысын өңдеуде бірлескен іс-қимыл ұйымдары белгіленді. Біздің елдер, сонымен қатар, Каспий құрбыр желісі консорциуімінің негізгі акционерлері болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан ОПЕК мүшесіне жатпайтын елдер арасынан ЕО нарығындағы мұнай экспортерлері арасында үшінші орында (Ресей мен Норвегиядан кейін). Қазақстан газын өндірудің өсуі және жүзеге асырылуына байланысты Ресейде газ өңдеуде әрекеттестік және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік инфрақұрылымын пайдалану қарқынды арттырылды. Одан басқа, екі жақты қатынастардың маңызды құрайтынының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын Ресейге кейін Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады. (2008 жылдың қорытындысы бойынша газ тасымалының жалпы көлемі 97 млрд. кубметрді құрады.
Жаңа Қазіргі заманға лайық зымыран-ғарыштық кешен «Бәйтерек» жасауда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде[3]. 2008 жылғы мамыр айында Спутниктік навигацияның Ғаламдық жүйесінің (ГЛОНАСС) жобасы бойынша  өзара бірлескен жұмыс туралы, және де ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта зерттеу саласында үкіметаралық келісімдерге қол қойылған. Бұл Қазақстанның жаңа ғылымды көп қажетсінетін өндірістің дамуында қуатты түрткі болатындығына және екі елге ғылыми-техникалық және интеллектуалдық күш-қуатын толық іске асыруға мүмкіндік береді. Автожол және коммуникация жолдары құрылысы саласысында Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық дамуда. Қазақстан және Ресей аумағы арқылы Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен біріктіретін жоба бойынша сарапшылар белсенді жұмыс атқаруда. «Санк-Петербург – Мәскеу – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Хоргос – Ляньюньгань кемежайы» сапар желісі құрылуының маңыздылығы біздің елдерді әлемдік жүк тасымалдау жүйесіне біріктіруге және транзиттік операциялардан түсетін табысты өсіруге мүмкіндік береді. Трансазиаттық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізді желі болып табылатын Еуроазиаялық транзиттік дәлізді дамытуда белсенді шаралар қабылдануда. Су көлік саласы бойынша ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар. Оның ішінде, Қазақстанның Каспий және Азов-Қара теңіз айлағын біріктіретін су көлік құрылысына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Ақтау-Астрахань, Ақтау-Махачкала паромды желісі ашылды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қарулы күштері мүддесіне сай әскери-техникалық сала ынтымақтастығы бойынша біріккен жұмыстар бағдарламасын іске асыру туралы үкіметаралық келісім жобасына қол қою үшін, сонымен қатар 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштері мүддесіне сай әскери міндет жүктелген өнім тапсырысы бойынша Үкіметаралық Бағдарламаны дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан-ресей қатынастарында шекара маңы ынтымақтастығы маңызды орын алады. Әр жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекет басшылары қатысуымен шекара маңы аймақтары жетекшілерінің Форумы өткізіледі. Онда екі жақты ынтымақтастықтың  өзекті деген мәселелері, сондай-ақ табиғатты, өзендерді бірлес қолдану, су қоймаларын және басқа да табиғи ресурстарын пайдалануда бірдей стандарттарды қолдану туралы талқыланды. 2008 жылғы 22 қыркүйектегі өткен шекара маңы аймақтарының жетекшілерінің бесінші Форумы ерекше орын алады. Белгілі болғандай, оны мемлекет басшылары Өңіраралық ынтымақтастық Форумы етіп кейпін өзгерту туралы шешімді қабылдады, ол мәжіліс Орынбор қаласында 2009 жылғы 11 қыркүйегінде өтті. Кезекті 12-ші ҮАК отырысы 2008 жылдың 26 қарашасында Мәскеу қаласында өткен.( 13-ші отырысты Астана қаласында 2009 жылдың қазан айының бас кезеңінде өткізу жоспарлануда). Сонымен қатар, 2008 жылдың 19-21 желтоқсанда Бурабайда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясы Президенті Д.А. Медведевтің екі жақты кездесу барысында 2009 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимылы туралы жоспар қабылданды. 2008 жылғы  4-5 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Ресей Федерациясына ресми сапары болды. 2008 жылғы 22-23 мамырда Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің Қазақстан Республикасына мемлекетік сапары болды. 2008 жылғы 5-6 шілдеде Ресей Федерациясының Президенті Д. Медведев астананың мерейтойын тойлауға орай мемлекет Басшыларының бейресми басқосуына қатысты. 2008 жылғы 16-17 қазанда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 29-30 қазанында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтың Ресейге жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Бурабайда Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттері басшыларының бейресми басқосуы өтті[4]. 2009 жылғы 4 ақпанда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік ұжымы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы мен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңес отырысы барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Д.А. Медведевтің екі жақты кездесуі болды, сонымен қатар Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путинмен келісөздер өтті. 2009 жылғы 13-14 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі М.М. Тәжиннің Ресей Федерациясына жұмыс сапары болды. 2009 жылғы 21 мамырда Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2009 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің шақыруымен Орталық Мәскеу Ипподромының 175-жылдығын тойлауына орай Ресейге сапары болды. 2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынбор қаласында Мемлекет Басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастықтың VI Форумы болды. 2009 жылғы 11 қыркүйегінде Ақтау қаласында Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түркменістан басшыларының бейресми басқосуы өтті. 2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше жән Өкілетті Елшісі Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков. 2009 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан және Ресейдің Бірлескен іс-қимыл Жоспары ойдағыдай жүзеге асырылуда, оны өткен жылдың желтоқсан айында Бурабайда Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми кездесуі барысында екі мемлекеттің Басшылары арасында  қабылдаған. Аталған Жоспар қысқа мерзімді перспективада екі жақты ынтымақтастықтың барлық саласындағы мәселелерді шешуді қарастырады. Қазақстан және Ресейдің магистральді құбыр желісін қолдану арқылы қазақстандық көмірсутекті шикізатты әлемдік нарыққа тасымалдау мәселелерінде өзара ықпалдасуында, мұнай-газ өндіруші өндірісті бірлесіп жаңартуда.

Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан-ақ Қазақстанның сыртқы саясаты алдында экономикалық және саяси ынтымақтастықтың аймақтық және субаймақтық құрылымдарына ену мақсаты тұрды. Дәстүрлі шаруашылық байланыстарды сақтау мен ТМД елдерімен интеграциялану Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыты болды. Осы бағыттағы басты басымдылық Ресей Федерациясымен көпсалалы, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту болатын.

Республика Президенті атап өткеніндей: «Екі жақты байланыс саласында Қазақстан алдындағы приоритетті бағыт - Ресей Федерациясымен қарым-қатынасаты дамыту. Бұл әлем қауымдастығы алдындағы Ресей Федерациясының саяси және экономикалық ролімен және ұзаққа созылған ортақ шекарамен шартталады. Ресей - республикамыздың ең ірі сауда серігі. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша біздің ұстанымымыз ортақ. Оның үстіне, екі ел азаматтары арасындағы достық, туыстық қатынастар. Бұл Ресейді Қазақстанның табиғи әрі заңды одақтасы етеді[5].

2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастарының өзекті салалары мен бағыттары

2.1 Экономикалық интеграция шеңберіндегі Қазақстан – Ресей қатынастары

Қазіргі кезеңде Қазақстан – Ресей қарым-қатынастары жоғарғы деңгейдегі өзара сенім мен стратегиялық серіктестіктің дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан мен Ресей арасында дұрыс шешімін таппаған проблема жоқ. Өйткені келіссөздер барысында екі жақтың да мүдделері назардан тыс қалмайды. Мұның экономикалық мәселелерге, Қазақстан мұнайын тасымалдауға, Каспийдегі шектеу шараларына, «Байқоңыр» космодромын жалға беруге, мемлекеттік шекараны белгілеуге де қатысы бар. Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең ұзын шекараның өтетін жерлерін белгіңлеуде тең құқықтық және ұлттық мүдделер қағидаларын сақтай отырып келісімге келеді.

Ендігі алда тұрған мәселелер – сауда-экономикалық ынтымақтастық пен аймақтық интеграцияны дамыту. Қауіпсіздікті нығайту мақсаты да басты назарда. Осы айтылған барлық салаларда Қазақстан мен Ресей позициялары бір-бірінен жақын немесе сәйкес келеді.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей ТМД аумағындағы бірқатар интеграиялық бастамаларды көтеріп, оны жүзеге асыруда жетекші орынға шығып отыр. 90-шы жылдары құжаттық негізде ресімделген Кеден одағы, біртұтас экономикалық кеңістік бастамалары бұның айғағы. БҰҰ-мен мойындалып, мүше-елдерінің дамуы мен экономикалық интеграцияның жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді мақсат етіп отырған Еуразиялық экономикалық Қоғамдастығы жоғарыда аталып өткен үрдістердің қазіргі таңдағы жалғасы.

Тәуелсіз даму жылдарында Қазақтан мен Ресей өзара ынтымақтастықтың бай құжаттық-құқықтық негізін қалыптастырды. Бірінші кезекте бұл 1992 жылы қабылданған Достық, ынтымқтастық және өзара көмек туралы келісімі. Екі жақты байланыстың негізгі принциптерін бекіткен бұл құжат екі елдің саяси және экономикалық байланыстарының тұрақты дамуын қамтамасыз етті. Ынтымақтастықтың әрі қарайғы дамуын екі ел басшыларының 1998 жылы XXI ғасырды көздеген Мәңгі достық пен одақтастық туралы Декларациясын қабылдауына мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда екі жақты байланыстың құқытқық-келісмдік негізі 300-ден аса құжатты қамтиды. Екі ел арасындағы байланыста саяси сенімділік пен өзара түсіністік күшейіп келеді. Екі жақты қатынастардағы елеулі оқиғалар қатарында мемлекетаралық шекараның делимитациялануы, Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанын бөлу туралы келісімінің қабылдануы, екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуіне жол ашқан Ресейдегі Қазақстан жылы мен Қазақстандағы Ресей жылдарының кезек өткізілуін атап өтуге болады[6].

Қазіргі таңда Қазақстан-Ресей қатынастары ынтымақтастық, интеграциялық бастамалар және мемлекетаралық қатынастарда заңды құбылыс саналатын бірқатар мәселелері бар тұтас бір құрылым құрайды. Дегенімен, Қазақстанның Ресей Федерациясымен стратегиялық әріптестігі – Қазақстан егемендігінің табиғи құрамдас бөлігі.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан-Ресей қатынастары сенімділік пен стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейінде дамып жатыр. Қазақстан сыртқы саясатының маңызды басымдылығы-Ресей бағыты. Қазақстан мен Ресей арасында өзара мүдделерді ескеру және келіссөздер жолымен шешіле алмайтын мәселелер жоқ. Бұл саяси және экономикалық мәселелерге де тиесілі»,-деп атап өтеді.

ТМД елдерімен экономикалық байланыстарды дамыту қажеттігін Ресей Федерациясының бұрынғы Президенті В.В.Путиннің 2006 жылы 10 мамырда РФ Федералды Жиналысына жолдауында үлкен мән берілген: «Қазіргі таңда ТМД кеңістігінде байланыстардың тиімді нұсқасын іздестірудің күрделі үрдісі жүріп жатыр. Ресей осы ізденістер нәтижесі ел үшін тиімді болатынын ашық жариялуға дайын. Бұның нәтижесі әрбір тараптың дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық жүйе құру... Біздің жақын көршілерімізбен байланыс Ресей Федерациясы сыртқы саясатының негізгі бағыты болып қала бермек» Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және егеменді екі мемлекет Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында тең құқықты байланыстардың қалыптасуы мен даму барысы ғылыми тарихнамада жоғарғы деңгейде зерттелген тақырыптардың бірі. Өйткені жаһандану кезеңіндегі экономиканың әлемдік интеграциялануы шеңберінде көршілес екі елдің дамуы мен өзара байланысы, екі жақты ынтымақтастықтың стратегиялық әріптестігі мәселелерін зерттеу екі ел қатынастарының келешегіне болжам жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстан-Ресей қатынастары және екі жақты ынтымақтастықтың жекелеген салалары қазіргі таңда да ғалымдар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие. Осы тақырыпта қазақстандық және ресейлік стратегиялық зерттеу институттары, ресейлік «Обозреватель», «Россия и мусульманский мир», «Восток» сараптамалық журналдары, ӘЭХҚИ баяндамалары, сондай-ақ «Саясат», «Қазақстан-Спектр», «Аналитик» және т.б. ғылыми-мерзімді басылымдарда жан-жақты қарастырылады.

Осы тақырыптағы зерттеулерді шартты түрде топтастыруға болады. Бірінші және ең үлкен топты Қазақстан мен Ресей қатынастары және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы аясындағы байланыстарына арналған әдебиеттер құрайды. Келесі топқа екі жақты байланыстардың жекелеген салалары мен өзекті бағыттары зерттелген монографиялар, авторлар тобымен жазылған жинақтар біріктірілген. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық, оның жекелеген салалары мен қазіргі жай-күйі мерзімді басылымдарда тереңірек қарастырылады[7].

2.2 Отын-энергетика саласындағы ынтымақтасты

Мұнай секторы. Қазақстан энергоресурстарының экспорттауда Ресейдің алатын орны ерекше. 2004 жылы Ресей труба құбыры жүйесімен таяу және қиыр шетелдерге 37,6 млн.тонна Қазақстан мұнайы шығарылады (оның ішінде КТК арқылы – 22,5 млн. тонна, Атырау – Самара – 15,01 млн. тонна), бұл көрсеткіш 2003 жылы – 29,7 млн. тонна, 2004 жылы – 16,8 млн. тонна болды.

Жақын арадағы жылдары Қазақстан мұнай өндіруді өсірудің және оны сатудан жасалған жоспары бойынша мұнай құбырларымен мұнайды айдауды ұлғайту қажет болды. КТК мұнай құбыры Қазақстан үшін мұнайды сыртқа шығарудың негізгі құралына айналады. КТК-ның қуатын арттыру үшін оны кеңейту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Атырау – Самара мұнай құбырын модернизациялауға бағытталған жұмыстар жүргізуде. Алдымен Оның тасымал қуатын жылына 15-тен 20 млн тоннаға, ал келешекте 25 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің шельфін бөлісуге екі жақты келіссөздер арқылы қол жеткізеді. Жер асты байлықтарын пайдалану үшін екі ел теңіз түбі арқылыц шекара белгіледі. Сонымен қатар, «Құрманғазы», «Центральное» және «Хвалынское» кен орындарының құрылымын жоспарлауда бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі кейбір ұйымдастыру мәселелері шешілді.

«Құрманғазы» құрылымы бойынша контракта өнімді бөлу жөніндегі келісім қабылданды. (бұдан әрі - СРП), ал «Центральное» және «Хвалынское» құрылымына байланысты Ресей Федерациясының заңдары негізінде осындай бөлісу туралы келісім (СРП) жасау мүмкіндігі қаралатын болды.

«Құрманғазы» құрылымындағы өнімді бөлісу жөніндегі келісімге 2005 жылы 6 шілдеде қол қойылды.

«Центральное» және «Хвалынское» құрылымдары бойынша өнімді бөлісуге туралы келісімге жасау жұмыстары жасалынды. Сарапшылардың соңғы кездесуі тамыз айының соңында өтті.

Газ секторы. Екі жақты қаырм-қатынастардың негізгі желісі бойынша табиғи газды тран,зит арқылы Түркіменстан мен Өзбекстаннан Ресейге және одан әрі Украина мен Еуропаға тасымалдау.

Газ құбырлары жүйесін модернизациялау мен дамыту үшін 2004-2010 жылдарға «Орта Азия – Орталық» (САЦ) газ транспорты жүйесін модернизациялаудың инвестицияларның негіздемесі жасалды. Бұл негіздемені «Газпром» ААҚ магистральдық газ құбырларын модернизациялаудың негізгі техникалық шешімдерін өзара үйлестіру үшін бағыттады. Сонымен қатар «ҰҚ Қазмұнайгаз» АҚ пен «Газпром» ААҚ-қа бірлескен кәсіпорындарды жобалау, салу және жаңа газ тасымалдау қуаттарын іске қосу мәселелері туралы шешім қабылдау тапсырылды.

Қазақстанның табиғи газын Еуропа рыногына Ресей газ құбырлары жүйесі арқылы тасымалдаудың болашағы зор, пайдалы әрі арзанға түседі. Осы мақсатпен 2002 жылы «КазРосГаз» бірлескен кәсіпорыны құрылып, сол жылдың күзінен бастап осы құбыр арқылы Қазақстан газы Еуропа мен ТМД елдеріне шығарыла бастады, 2004 жылдың қорытындысы бойынша 7 млрд. кубометр газ сыртқа шығарылады. Жақын арада бұл көрсеткіш жылына 15 млрд. кубометрге жеткізу жоспарлануда. Қазіргі кезде басқа елдердің де «Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Иран, т.б.» еркін қатысуына болатын Қазақстан мен Ресей негізінде табиғи газ өндіретін елдердің Еуразияның альянсын құру мәселесі қаралып жатыр[8].

Электроэнергетика (электр қуаты). 2005 жылдың 15 шілдесінен Қазақстан мен РЕсей энгергетикалық жүйелерінің бір кезде қатарынан қосты. ҚР, РФ және ТМД-ның басқа елдері арасында әлемдік рынокқа энергоресурстарды шығаруға бәсекелестік болдырмау үшін бұл саладағы жұмысты үйлестіру жөніндегі ҚР мен РФ мүшелері болып саналатын ЕурАзЭС мемлекеттерінің отын-энергетикалық балангсын жасау үшін ұсыныстар дайындау үшін екі елдің отын-энергетикалық салалары өкілдеріннен жұмыс тобы құрылды.

2005 жылдың 6 шілдесінде Астанада ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арасында электроэнергетикалық кешенде ынтымақтастықты тереңдете түсу туралы Меморандум мен екі елдің аталған министрліктері мен «Ресей ЕЭС» ААҚ РАО-сы бірлесіп, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы базасында бірлескен кәсіпорын құру туралы Хаттамаға қол қойылды.

2.3 Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынастары байланыстың басқа да салалары

Ресей Федерациясы Қазақстанның аса ірі сауда серіктестігі болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты сауда айналымының үлесі ҚР барлық тауар айналымының 23%-sy6 ТМД елдерінде тауар айналымының 75%-ын құрайды, ал ЕурАзЭО аясында 90%-ға жетті.

Қазақстан Республикасы Статистика агеттігінің мәліметтері бойынша 2005 жылы ҚР мен РФ арасындағы сауда айналымы 9518,5 млн. доллларды құрады (қазақстан экспорт – 2927,2 млн. доллар, импорт – 6591,3 млн. доллар),  ал бұл көрсеткіш 2004 жылы 7,05 млрд. доллар болған еді (тиісінше – 2,83 млрд. доллар және 4,81 млрд. доллар).

Тауарларды Ресейге тасымалдаудың негізгі статьялары минералдық өнімдер (барлық экспорт өнімінің 66%-ы), қымбат емес металдар және олардан жасалған бұйымдар (20%), азақ-түлік тауарлары мен оларды өндіруге қажетті шикізат (6%), химия өнеркәсібінің (3%), машиналар мен жабдықтар және т.б. (4%).

Ресейден Қазақстанға әкелінетін тауарлардың негізгі статьялары: машиналар мен жабдықтар, транспорт құралдары (барлық импорт көлемінің 41%-ы), химия өнеркәсібі өнімдері (16%), минералдық өнімдер (13%), қымбат емес металдар мен оларды  өндіріске қажетті шикізат (11%), азық-түлік тауарлары мен олардан жасалған бұйымдар (9%) және т.б. (10%).

ҚР сауда палатасы ТПП мәліметтері бойынша қазір Қазақстанда Ресей қатысуымен 1150 фирма мен ұйым жұмыс істеп жатыр.

Космосты игеру аясындағы әрекеттестік. Бұл салада ынтымақтастық дамып келеді. Соңғы жылдары «Байқоңыр» кешенін жалға алуға байланысты Ресей өзіне алған міндеттемені орындап, Қазақстанға 115  млн. доллар төледі. «Байқоңыр» космодромында «Бәйтерек» ракета-космос кешенін құру және «Қазсат» байланыс және радио хабарын тарату, жер серігін жасау, ұшыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Оны ҚР парламенті бекітті. «Байқоңыр» космодромын пайдаланудың тиімділігін арттыру, онда істейтін Қр азаматтарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, оның ішінде «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан мемлекеттік ұйымдастыру органдарының құрылымдық бөлімшелерін, космодромды электрмен жабдықтау, «Байқоңыр» кешенін пайдаланатын екі жақты келісім-құқықтық базасын жетілдіру және т.б мәселелер бойынша шаралар қолдануда[9].

2005 жылдың 30 наурызында «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорынын құру жөнінде Астанада тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұдан басқа қазіргі уақытта төменгі жерге жақын орбитаға кіші космостық аппараттарды ұшыруға мүмкін беретін МиГ-31Д ұшақтарының негізінде бірлескен «Есіл» авиациялық ракета-космос кешенін құру туралы мәселелер қаралуда.

2005 жылдың маусымында ҚР және РФ президенттерінің қатысуымен «Байқоңыр» космодромының 50-жылдығына байланысты іс-шаралар өтті. Мемлекет басшыларының біріккен мәлімдемесі мен космодромға табиғатты пайдалану экологиясы туралы және кейбір басқа құжаттарға қол қол қойылды.

Транспорт. Автомобиль, темір жол, авиация және су транспорты салаларында екі жақты ынтымақтастықты белсендіруге ерекше көңіл бөледі. РФ территориясы арқылы экспорттық-импорттық жүктерді тасымалдауда Ресей темір жолдарының бірыңғай тарифтеріне Қазақстан экспортерлері мен импортерлерінің қолын жеткізуге біздің республика мүдделі болды. Еуразия транзиттік коридорының негізгі өзегі саналатын Трансазиялық темір жолы магистралін дамыту үшін белсенді іс-шаралар іске асырылуда.

Су транспорты саласындағы ынтымақтастықтың келешегі жзор. Ақтау – Астрахань паромдық маршруты ашылды, Ертіс өзенінің бассейнінде Қазақстан және Ресей кемелерінің жүк және жолаушылар тасу көлемі асып келеді.

Монғолия шекарасына шығуға мүмкіндік беретін Өскемен – Риддер (Лениногорск) – Хайзун – Усть – Кан – Туэкта – Иня – Кош – Агач – Ташанта ұзындығы – 102 км, оның 62 км Қазақстан территориясы арқылы өтеді) автомобиль жолын салу транспорт саласындағы маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Қазіргі 4-ші отырысы 2005 жылдың 18 – 19 қазанында Мәскеуде өткен ынтымақ жөніндегі Үкіметаралық коммиссияның транспорт Подкомиссиясы жұмыс істеуде.

Әскери – техникалық ынтымақтастық. ҚР мен РФ әскери – техникалық саласындағы ынтымақтастықты 1994 жылдың 25 наурызындағы әскери ынтымақтастық туралы Шарт пен Әскери – техникалық ынтымақтастық туралы Келісім аясында жүзеге асуда.

Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдіктермен оқуда. Қазақстан тыңдаушылар мен курсанттарды материалдық жағынан өзі қамтамасыз етеді, ал Ресей олардың оқуы үшін өз қаржысын жұмсайды.

Шекарадағы ынтымақтастық. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін 1999 жылдың қыркүйегінде үкіметаралық Келісімге қол қойылды және ҚР мен РФ шекара жақын аймақтарындағы ынтымақтастық туралы 1999 – 2007 жылдар аралығында Жасалған бағдарлама қабылданды. Бұл БАғдарламаны іске асыруға Қазақстанның 7 облысы (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) мен Ресей Федерациясының 12 субъектісі атсалысуда.

1999 жылдың наурызында ынтымақтастық туралы Қазақстан – Ресей үкіметаралық комиссиясы аясында екі елдің кәсіпкерлерінің қатысуымен шекаралық ынтымақтастықпен шұғылданатын Подкомиссия құрылды. Шекаралық ынтымақтастықты туралы перспективалық бағыттарды іске асырылып, шекаралық сауда мәселелері, миграция, т.б. жөніндегі ақпараттармен алмасу жалғасуда, биліктің орталық және аймақтық органдарының қатысуымен біріккен іс-шаралар жүргізілуде.

2005 жылдың 15 – 16 маусымында Челябі қаласында Қазақстан – Ресей шекаралық ынтымақтастықтағы Подкомиссиясының 5-ші отырысы өтті. Жүргізілген консультациялар барысында екі еклдің өкілетті делегацияларды шекаралық ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелерін талқылады, оның ішінде екі елдің шекаралық аймақтарында сауда – экономикалық ынтымақтастықты дамыту, теңіз және теміржол транспорты, ауыл шаруашылығы, машина жасау, миграция, кедендік және шекаралық бақылау, табиғи ресурстары мен қоршаған ортаны қоршаған мәселелері де бар[10].

2006 жылдың 3 – 5 сәуірінде Қазақстан Президенті Ресейге ресми сапармен барды. Бұл Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы болып қайта сайланғаннан кейін шетелге барған алғашқы ресми сапары болды. Ол Ресей Президенті В.В.Путинмен келіссөздер жүргізді, Мемлекеттік Дума депутартарының алдында сөз сөйледі, Мәскеу Болат және қорытпалар институтының профессор – оқытушылары құрамымен, студенттерімен кездесті.

Мемлекет сапарының аясында Қазақстан рерриториясының Ресей әскери және ғылыми полигондары мен орталықтарын пайдалану арқылы Хаттаманы, Қазақстанның байланыс және ақпарат таратуц ҚазСАТ бірінші жер серігі туралы келісімге, Ресейдің экономбанкі, Еуразияның өнеркәсіп ассоциациясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы іс-шаралар жоспарына қойылды.

Алюминий. 2006 жылы алюминийді әлемді тұтыну 8,3 млн. тоннаға жетеді.

Әлемдегі ірі тау-кен өндіруші ВНB Billiton компаниясы 2005 - 2010 жылдар арасында бастапқы алюминийге әлемдік сұраныс жыл сайын 5 %-ға өседі деп болжап отыр.

China Non-ferrous Mettals Association (СNNA) ақпараты бойынша Қытайда бастапқы алюминийді тұтыну 2005 жылы 17,3 %-ға 7 млн. тоннаға дейін ұлғайды.

JP Morgan сарапшылары 2006 жылы алюминийге баға белгілеу оған сұраныстың құлдырауына байланысты төмендейді, бірақ 2007 жылы электр энергиясына шығындардың өсуіне байланысты баға тұрақты болады.

Standard Bank сарапшылары 2006 жылы орташа бағалардың өсуін 190 мың тонна металл тапшылығы аясында бір тоннасы үшін 1975 долларға дейін болжап отыр.

Маtехis Соmmodity талдаушылары 250 мың тонна деңгейінде тапшылық күтіп отыр. Орнықты және өсіп отырған сұраныс Қытайдағы құрылыс, көлік және өндіріс салаларының қауырт өсуімен және Үндістанның тұтыну нарығының дамуымен айқындалады. Бұл факторлар Еуропа мен Солтүстік Америкадағы сұраныстың барынша баяу өсуіне тең болып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін өндірістің айтарлықтай өсуі Қытайда, Ресейде және Таяу Шығыста байқалады[11].

Халықаралық қаржы корпорациясының болжамы бойынша Қытай алюминий экспортын 2006 жылы 300 мың тоннаға дейін қысқартады, ал импорт 500 мың тонна алюминийді және 6,85 мың тонна глиноземді құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің деңгейін тереңдету және кешенділігін арттыру кластерлік ұстанымды іске асыру арқылы көзделіп отыр. Қатысушылардың, атап айтқанда ауыл шаруашылығы шикізатын өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындардың географиялық жақындығы тамақ өнеркәсібін дамытуда осы ұстанымды пайдалануына мүмкіндік береді. Осы бағыттағы мемлекеттік қолдау өндірістік қуаттарды және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің экспорты көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады.

Республиканың өңірлері бойынша кластерлік жобалар ретінде мыналар айқындалды:

солтүстік өңірде (Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары) - астық өңдеу;

оңтүстікте - (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) жеміс-көкөніс;

Қостанай облысында - сүт.

Кластерлік бастамалардың дамуы қайта өңделетін ауыл шаруашылығы шикізатының өнімін экспорттау көлемін 2 еседен артық өсіруге мүмкіндік береді.

2007 - 2009 жылдары шаралар кешенін өткізу және мынадай шаралар кешенін қабылдау жоспарланып отыр.

 Астықты қайта өңдеу кластері:

-астықты қайта өңдеудің экспорттық әлеуетін арттырудың мемлекеттік стратегиясын әзірлеу;

-астықты терең қайта өңдеу өнімдерінің қазақстандық ортақ брендін құру;

-экспорттаушылар - астықты қайта өңдеушілер қауымдастығын құру;

астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау;

-экспорттаушыларға жеңілдетілген кредит, шикізат және дайын өнімді тасуға жеңілдетілген тарифтер, экспорттық жеткізуге мемлекеттік кепілдік беру;

-құрғақ дән маңызы мен биоэтанолды қоса алғанда, бидай астығын терең қайта өңдеуді дамыту;

-астықты қайта өңдеу зауытын салу;

-ТМД, ЕурАзЭҚ және ЕЭС-қа мүше мемлекеттер аумағында экспорттың инфрақұрылымын бірлесе дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қамқорлыққа алу саясатын жүргізу;

-ауыл шаруашылығы және оның қайта өңдеу өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейту жөнінде Қазақстан Республикасының, әсіресе Қытайдағы, Ауғанстандағы, Пәкістандағы, Египеттегі шетелдік мекемелерін жандандыру;

-«Ақ Бидай Терминал» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және Ақтау портындағы астық терминалын тиеу құрылғысын ауыстыру;

-Ақтау қаласында ұн тарту кешенін салу;

-«Астық Қоймалары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 2 Нан базасынан астықты сақтау кешенін сатып алу;

-Баку (Әзірбайжан) және Амирабад (Иран) порттарында астық қабылдау терминалдарын және ұн тарту кешендерін салу, сондай-ақ Поти (Грузия) портында астық терминалын салу.

 Жеміс-көкөніс кластерi

-таза сортты егу материалдары мен тұқым өсіру үшін жеміс тұқым бақтарын және тұқым шаруашылығын қайта қалпына келтіру және дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу;

-азық-түлік құрал-жабдықтары сертификаттарын тану рәсімін оңайлату;

жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар үшін техника және құрал-жабдықтар лизингін кредиттеу;

-жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық екпе ағаштарын және жүзім егу жөніндегі, жеміс-жидек дақылдарының қайта өңдеуге жарамды сорттарын өндіруді арттыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу[12].

Сүт кластерi

-мал шаруашылығы бойынша орташа және ірі субъектілерді құру және осы үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарының және бюджеттік субсидиялардың қаражатын кешенді пайдалану;

-Қостанай облысының селолық округтарында малдың түрлерін аудандастыру бағыты бойынша базалық шаруашылықтар құру;

-облыстық бюджет қаражатынан асыл тұқымды мал бастарын сатып алуды субсидиялау;

-жұқпалы аурулы малдарды залалсыздандыру ережесін сақтамағаны үшін иелерден заңнама деңгейінде құқықтық жауапкершілікті талап ету;

-машинамен сауу және оның бастапқы салқындатылған сүтті жинау пункттерін ұйымдастыру шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылайтын зертханалық базаларды, олардың техникалық қайта жарақтандыруын дамыту;

-қазіргі технологиямен құрама жем зауытын салуға инвестицияларды тарту;

-жемшөп өндіру жөнінде өңірлік бағдарламаны әзірлеу;

-жеке ауладағы мал басы үшін қолдан ұрықтандыратын қосымша пункттерді ашу.

Тоқыма өнеркәсібi

-Тоқыма өнеркәсібі табиғи, жасанды және синтетикалық талшықтарды тоқыма жіпке және матаны қайта өңдеумен айналысатын жеңіл өнеркәсіп салаларының өндірістер тобын біріктіреді. Мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстанның тоқыма өнеркәсібі экономикалық қызметтің 7 түрі мен 21 кіші түрінен көрінеді.

-Қазақстанда қоза Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы аудандарында, Түркістан қаласында және Шымкент, Арыс қалаларының, Бәйдібек, Отырар және Сайрам аудандарының аз ғана жерінде өсіріледі.

-Республиканың тоқыма өнеркәсібін дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата жіп пен матаны шығару жөніндегі кластерді құру жоспарланып отыр.

-Шитті мақта өндіру саласындағы ең өткір мәселелер: мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдарының бөлшектенуі; өнеркәсіптің өсіп келе жатқан сұранымдарына жауап бере алатын бәсекеге қабілетті сорт жиынтығының болмауы; білікті мамандардың жеткіліксіздігі; бірінші-үшінші өндіруге дейін тұқым көбейту бойынша тұқым шаруашылықтары желісінің жеткіліксіз дамуы; сорттық агротехниканың сақталмауы; өнім мен өндірісті, стандарттарды, сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі тіркелген құрылымдардың жоқтығы; отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыспен аз жүктелуі болып табылады.

-Мақта шаруашылығындағы проблемалы мәселелерді шешу үшін алдағы 2007 - 2009 жылдары:

«Мақта саласын дамыту туралы» Заңды қабылдау;

-мақтаны қайта өңдеу ұйымдарында 9000 сериялы ИСО халықаралық стандартына сай сапа менеджменті жүйесін енгізуге қолдау көрсету;

-мақта шаруашылығы және тоқыма өнеркәсібі жөніндегі халықаралық ұйымдар арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

-бір мақта қайта өңдейтін кәсіпорындар салу;

-Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның егістік тұқымын дайындау жөнінде тұқым тазалау зауытын салу;

-Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында көлік-логистикалық терминалын салу қажет.

Тоқыма саласының мақта-тоқыма сегментінің қосылған құндары тізбесінің элементтерін қалпына келтіру үшін бүгінгі таңда тоқыма саласының басқа сегменттеріне салыстырғанда неғұрлым бәсекеге қабілетті болып табылатын жіп және мата өндірісі жөніндегі саланы серпінді дамыту қажет. Тоқыма өндірісінің осы сегментіне қосылған құнның шамамен 80 %-ы, сонымен бірге, талшықты мақта өндірісіне шамамен 10 %, дайын киімге шамамен 1-3 % келеді. Бәсекеге қабілетті тоқыма сегментін құру Қазақстанда шығарылатын мақтаны қайта өңдеуге, сонымен қосылған құнды ұлғайтуға және тігін кәсіпорындарында одан әрі өңдеу үшін қажетті өнімді шығаруға мүмкіндік береді[13].

Әлеуетті тоқыма кластерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін Қазақстанда: еңбек өнімділігін арттыру; мақтаның сапасын бағалау (грединг) стандарттарын енгізу; кластердің барлық құрамдауыштарымен және әлемдік сауда және логистикалық тізбектерімен өзара іс-қимылдарды жолға қою және реттеу; шикізаттың сапасын арттыру; білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық және өндірістік технологиялар енгізу қажет.

Ауыл шаруашылығын дамыту туралы сөз қозғай келе, Президент бірінші ретте «Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді»,- деп атап өтті.

Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескерер болсақ, агроөнер­кәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс.

Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жал­пы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті.

Президент елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиістігін айрықша атап өтті. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие.

Ерекше назар маңызды тамақ өнімдерін мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқаларды өндіруді ынталандыруға аударылмақ. Одан әрмен барлық күш-жігерді ауыл шаруашылығының өнімдерін экспортқа шығаратын секторларға бағыттау қажет. Бұл жерде үлкен экспорттық әлеуетке ие мал шаруашылығы саласы да бар.

Біздің облысымыздың өндірістік болғанына қарамастан, аграрлық өнеркәсіп кешенінің дамуы мәселелеріне де үнемі көңіл бөлінеді.

Жанар-жағар майдың, тұқымның және басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуға мемлекет пен жергілікті билік органдары тарапынан қаржы бөлу арқылы аграрлық өндірісті қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығының жаппай өнім өндіру көлемі жылдан жылға артып келеді. Соңғы жылдары ол 2 есеге, ал инвестициялық құйылымдар – 2,5 есеге өсті.

Дәнді-дақылдарды және оның басқа да түрлерін өңдеуде ылғал сақтаушы технологияны және жоғары сапалы техниканы қолдану бидай дақылдары өндірісін  2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 159 мың тоннаға көбейтуге мүмкіндік берді.

Мал шаруашылығын дамытуды қолдау бағдарламасы бойынша бөлінген мемлекеттік қаржылар мал шаруашылығы өнімдерін 40-50 пайызға өсіруге септігін тигізді. 2007 жылғымен салыстырғанда 2008 жылға бөлінген қаржы 64%-ға көбейтілген.

Насихат жүргізуші тыңдаушыны ауыл шаруашылығы, оның өнімінің жоғары рентабелді бола алатынына сендіруі қажет. Ол үшін Қарағанды облысында бәсекелестікке қабілетті мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сыртқы нарықты игеру үшін үлкен мүмкіншіліктер бар.

Ветеринария жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізу бойынша жұмыс өрістетілуде. Ветеринарлық шаралар Халықаралық эпизоотикалық бюросының жер жануарларының санитарлық кодексіне сәйкес жүзеге асырылуда[14].

Азық-түлік кәсіпорындары өндіретін өнімдердің көлемі артып келеді.

Сүт және сүт өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар өнім сапасын арттыруға көп мән беріп, техникалық қайтадан жарақтану мен кәсіпорынды жаңартуда. Қайта өңдеуші кәсіпорындарда ИСО сапасының менеджмент жүйесі енгізілуде.

Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді арттырумен қатар, маңызды азық-түлік өнімдерінің өндірісін ынталандыруға ерекше назар аудару қажет.

Алайда, қазірдің өзінде облысымыз бидай, ет және картофель тәрізді негізгі азық түрлері бойынша өзіндік сұранысты қамтамасыз етуде, сонымен бірге, олардың белгілі бір бөлігін экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. Ағымдағы жылы Қарағанды облысы экспортқа 49,5 мың тонна ұн және 19,8 мың тонна бидай шығарды.

Өткен жылы өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 506 мың тонна астық өндірді. Осы астықтан қалалар мен аудандарда азық-түлік қорының, сондай-ақ бірінші сортты нан бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті мөлшерде 48 мың тонна көлемінде тұрақты қор жасалды.

Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтары тұрғындардың жылдық тұтыну мүмкіндігінің жартысын құрайтын көлемде 58,1 мың тонна көкеніс өндірді. Жемістердің және көкеністердің жетпеген кейбір түрлері шекаралас мемлекеттер мен еліміздің оңтүстік өңірлерінен кейінгі екі жылдағы  «Жасыл керуен» схемасымен жеткізілетін азық өнімдері есебінен толықтырылады. Осы кезең аралығында 3000 тоннадан астам жеміс пен көкеніс тасымалданды. Осы бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табады.

Жолдауда макроэкономикалық саясат басымдықтарына, мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатеріне жүйелі және шұғыл әрекет етудің пәрменді механизмдерін қалыптастыру шараларына көп мән берілген. Бұл шаралар Қаржылық бақылау агенттігін нығайту, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі салық жүйесін тиісті міндеттерге сәйкестендіру және жаңа Салық кодексін әзірлеуді көздейді. Экономиканың тиімділігі мен бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз етудегі ерекше миссияны орындау Ел басының тапсырмасымен бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікке жүктелген.

Президент инфляциямен күресті күшейтуге баса назар аударды

Өткен жылы облыста инфляциялық процестерді ұстап тұру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді, оның нәтижесінде азық-түліктер мен тауарлардың бағаларын коммуналдық қызметтер тарифін тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Биылғы жылы қажетті азық-түліктің бағасын тұрақтандыру және жеке-бөлшек сауданы ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттің резервтік қорында және аудандар мен қалалар бюджеттерінде шамамен 2 млрд. теңге көлемінде қаржы жинақталған. Олар ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне, азық-түлікті өңдеу, сақтау және тұтынуды ұйымдастыруға, тауар өндірушілерді жанар маймен, тұқыммен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге, қажет болған жағдайда азық интервенциясы үшін азық-түлік сатып алу үшін пайдаланылады. Мысалы, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасы күрт өскен жағдайда барабар шаралар қабылдау үшін ағымдағы жылы коммуналдық кәсіпорындарға 800 млн. теңге қаржы бөлу көзделген, оның ішінде облыстық бюджеттен «Агро-Консалтинг-К» АҚ үшін 500 млн. теңге және Қарағанды қаласының бюджетінен «КарагандаАгроЦентр» ЖШС үшін 300 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күнгі экономикалық міндеттерді, халықтың әл-ауқаты мәселелерін шешу Қазақстандағы қазіргі заманғы саяси жүйені дамытусыз, қазақстандық мемлекеттілікті, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырусыз мүмкін емес[15].

«Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Тәуелсіздіктің 16 жылы ішінде біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыруда өз моделі­мізді жүзеге асырдық. Бұл — біз мақтануға құқылы және бәріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті қазақстандық “ноу-хау” – деп атап өтті Президент. Этносаралық  бітім мен келісімді нығайту процесінде  Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқаруы қажет. 2007 жылы Президенттің ұсынысы бойынша Ассамблея конституциялық мәртебе және жаңаша өкілеттікке ие болды.

Қорытынды

Қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, ғасырлар бойы адамзат қызметінің барлық салаларында өзара байланысқан қазақ және орыс халықтарының қатынастарынан бастау алады. Екі халықты ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.

Екі халықтың тығыз байланысының тұтас бір кезеңді қамтыған тарихы, бір мемелекет құрамындағы өзара байланысы жаңа егеменді мемлекеттер-Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең дәрежелі әріптестік пен достық қатынастарының қалыптасуына негіз болды.

Курстық жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екі жақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.

Курстық жұмыста «ынтымақтастық», «еркін экономикалық аймақ», «интеграция», «экономикалық келісім», «нарықтық қатынастар», «экономикалық кризис» және сол сияқты т.б. терминдерге толық анықтама берілді.

Қорыта келгенде, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым – қатынастар көне ерте заманнан бері қалыптасып жалғасып келеді.  Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастардың жандануы бірқатар факторлармен шартталады. Біріншіден, екі ел экономикаларының құрылымдық ұқсастығы мен өзара тәуелділігі. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей иелігіндегі бай табиғи ресурстарының ұқсастығы. Үшіншіден, екі ел арасындағы сауда көлемінің үлкендігі. Сондай ақ, ерекше атап өтетіні, әлемдік экономикалық жүйеге ену шарттарының ұқсастығы. Осы бағыттағы Қазақстан мен Ресей алдындағы негізгі басымдылық әлемнің 150 елін біріктірген беделді Дүниежүзілік сауда Ұйымына мүше болу ниеті. Қазақстан ұйымға ену жөніндегі келіссөздерді 1996 жылы, ал Ресей 1993 жылдан жүргізіп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан келіссөздерді аяқтауға таяп, ішкі заңнамалық негізді жетілдіруді жүзеге асырып келеді. Дегенімен, Қазақстан мен Ресей ұстанымы ұйымға бірлесе ену. Өйткені қазақстандық және ресейлік мамандардың белгілеуінше, Қазақстанның шет елдермен тауарайналым көрсеткішін алғанда, еліміздің басты сауда серіктері ДСҰ мүшелері емес, бұрынғы кеңес мемлекеттері. Ресей көрсеткішінде де Қазақстан Украина және Беларусь Республикасымен қатар алдыңғы орынға шығады. Яғни, Қазақстан мен Ресей екі елдің көлік-коммуникациялық мүмкіндіктерін және тығыз байланысқан жүйені дайын тауар өндіретін біртұтас өндіріс орны ретінде тиімді пайдалануы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Б.Тасболат,Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005
  2. В.П.Максаковский «География» Алматы 1997
  3. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997
  4. «География және табиғат» 2006,№6
  5. Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова «География» Алматы 2007
  6. Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005
  7. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы, 2007
  8. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
  9. Атлас СССР. М., ГУГК. – 1983
  10. Лаппо Г.М: География городов. М., Владос. – 1997
  11. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
  12. Бек У. Что такое глобализация? /Пер. с нем. М., 2001.
  13. Бонгард–Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. М., 1993.
  14. Гранберг А.Г. Основы региональной экономики. М., 2000.
  15. Дергачев В.А., Вардомский Л.Б. Регионоведение. М., 2004.
  16. Дергачев В.А. Глобальная геоэкономика (трансформация мирового экономического пространства). Одесса, 2003.
  17. Дергачев В.А. Геополитика. Киев, 2000.
  18. Дергачев В.А. Геоэкономика. Современная геополитика. Киев, 2002.
  19. Джеймс П., Мартин Дж. Все возможные миры. История географических идей. М., 1988.
  20. Ишаев В.И. Международное экономическое сотрудничество: региональный аспект. Владивосток, 1999.
  21. Колосов В.А., Мироненко Н.С. Геополитика и политическая география. М., 2001.
  22. Договор о коллективной безопасности //htpp://www.dkb.gov.ru
  23. Совместное заявление государств - участников ОДКБ в связи с созывом Чрезвычайной Конференции государств - участников Договора об обычных вооруженных силах в Европе (ДОВСЕ) //htpp://www.dkb.gov.ru
  24. Бордюжа Н. Выступление на 14-м заседании СМИД ОБСЕ в Брюсселе. 4-5.10.2006 г. // htpp://www.dkb.gov.ru
  25. Караваев А. ЕврАзЭС и ОДКБ в Центральной Азии: проблемы интеграции региона //http://www.ia-centr.ru/public_details.php?id=506

Похожие материалы