
Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Bank RBK-нің жиынтық шығыны 2017 жылы 183,7 млрд теңгеге жетіп, 2016 жылғы жиынтық табысы 7,6 млрд теңгені құрады.
2017 жылы банктің таза шығыны 172,6 млрд теңге, 2016 жылғы таза кірісі 5,4 млрд теңге. Bank RBK-нің 2017 жылғы корпоративтік кіріс салығы бойынша шығын 151,5 млрд теңгеге жетсе, 2016 жылғы корпоративтік кіріс салығының табысы 6,8 млрд теңгені құрады.
Қаржы институтының пайызсыз кірісі (2016 жылы 146 млрд теңгеден 2017 жылы 1,3 млрд теңгеге) 112 есеге өсті. Ал осы уақыт аралығында банктің пайызсыз шығыны 1,5 есеге көбейіп, 17,6 млрд теңгеден 25,8 млрд теңгеге көбейді.
Таза пайыздық кіріс 1,8% төмендеп, 34,4 млрд теңгені құрады.
2017 жылы банктің активтері 1 трлн теңгеден 532,1 млрд теңгеге екі есе азайды. Қаржы институтының капиталы бір жылда 2,6 есеге азайды (2017 жылдың басында 82,2 млрд болса, жыл соңында 31,4 млрд теңге). Ал міндеттемелер өз кезегінде 47% төмендеді (938,8 млрд теңгеден 500,7 млрд теңгеге).
Бұл қаржылық жағдайды Bank RBK-нің баспасөз қызметі түсіндірді:
«2017 жылғы шығыныдар банктің қаржылық сауықтыру жұмыстарына байланысты туындап жатыр. Бұл артынша қосымша провизияларды құруға әкелді: 2017 жылғы провизия шығыныны 306 млрд теңгені құрады», деп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Bank RBK таза табыс көруді жоспарлап отыр.