Экономика
Бас прокуратура Қазақстан бюджетіне 92 млрд теңге қайтарды
2015 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 92 млрд теңге сомасындағы шығын өтелді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, мемлекетке жалпы сомасы 45 млрд. теңге болатын мүлік қайтарылды.
"19 млрд.-қа жуық теңге сомасына залалдың өндірілуін қамтамасыз еткен Бас көлік прокуратурасы жұмысының оң нәтижелерін атап өту керек", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар саласында алдын алу жұмыстары жүргізілген. 6 мыңнан астам бұзушылықтар анықталып, екі жарым мыңнан астам лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде, прокурорлар мемлекетке келетін 32 млрд-тан астам теңге залалдың алдын алған.
Фото:inform.kz