Экономика
Бейжіңде Б.Сағынтаев пен Чжан Гаоли Қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық комитетінің 7-ші отырысын өткізді
Бүгін Бейжіңде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаолидің төрағалық етуімен Қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық комитетінің 7-ші отырысы өткізілді.
Тараптар 31 тамыз-3 қыркүйек күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға алдағы мемлекеттік сапарының аясында қол қойылуы жоспарланып отырған бірқатар келісушіліктерді қарастырды.
Келіссөздер барысында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасының контекстіндегі бірлескен жобаларды іске асыру болашағы, сауда-экономикалық, индустриялық, энергетикалық, ауылшаруашылық, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтасты нығайту мәселелері, транзиттік көліктік жобалар аясындағы іс-әрекеттер, трансұлттық өзендер қорларын тиімді пайдалану мен қорғау саласындағы өзара ықпалдастық және т.б. талқыланды.
Б.Сағынтаев қытайлық компанияларды Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырып, сондай-ақ Қазақстанның көрме аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) павильонын ашу бастамасына тәжірибелік толықтыру енгізуді ұсынды.
ҚазАқпарат