Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президенттің шетелге іссапары: Бельгиядан Кубаға дейін

Президенттің шетелге іссапары: Бельгиядан Кубаға дейін

Өткен аптаны ел президенті Н.Назарбаев шетелде өткізді. 30 наурызда Бельгиядан басталған сапар Америкадағы Ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысумен жалғасты. Екі күннен кейін Кубада болды. Шетелдік іс-сапар барысында кімдермен кездесті, қандай мәселелер талқыланды? 7kun.kz  толығырақ түсіндіреді. 

Мемлекет басшысының алғашқы кездесулерінің бірі Брюссельдегі Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен өтті. Кездесу кезінде екі жақ Қазақстан мен Еуропалық одақтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сферадағы мәселелерін талқылады. Дональд Туск дағдарысқа қарамастан Брюссель мен Астананың әріптестігі жалғаса беретіндігін айтып, алдағы Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады. Өз кезегінде Н.Назарбаев Еуроодақтың антиресейлік санкциялары Қазақстанға да негативті ықпал ететіндігін еске салып өтті. Президенттің қазақстандықтар үшін визалық режимді кері шегеруін сұрауы кездесудегі басты ұсыныстардың бірі болды. Басты факт ретінде ол еліміздің сыртық сауда айналымының жартысынан астамы Еуропалық Одақтың үлесінде екендігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан басшысы 30-ға жуық адамның өмірін қиған теракт орнында болып, барша бельгиялық халыққа көңіл айтты.

Америкалық кездсулер

Жұма күні, 1 сәуірде Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік бойынша Саммит жұмысын бастады. Бірінші сессия кезінде 5 делегацияның басшысы сөз сөйлеп, интерактивтік талқылаулар өтті. Алғашқылардың қатарында болған Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ядролық қауіпсіздік бойынша жеткен жетістіктерін, Семей полигонындағы жарылыстардың салдары туралы атап өтті. [caption id="attachment_40340" align="alignnone" width="719"]Фото:Ақорда Фото:Ақорда[/caption]
Сөзін Барак Обамаға ірі шараны ұйымдастырып отырғаны үшін алғыс айтумен бастады. Басты мәселелердің бірі ретінде 20 жыл бұрын бірінші бұйрығымен Семейдегі ядролық полигонның жабылғанын, қазақстандықтардың әскери атомның бағасын білетіндігін атап өтті. "Біз бейбіт мақсаттағы ядролық отын өндірісі саласында құрметті орынға ие болғымыз келеді. МАГАТЭ-мен бірге Қазақстанда ядролық отын банкі құрылғандығын жиналғандардың есіне салып өтемін. Бұл ирандық ядролық проблеманы шешу жолындағы маңызды шешім болды. Алдағы уақытта ядролық энергияны бейбіт мақсатта жұмсағысы келетіндер осы банкты өз мақсаттарына пайдалана алады",- деді Н.Назарбаев. Баяндама кезінде әлем көшбасшыларын, әсіресе, Орта Азиялық ядросыз аймақ кепілдігінің 5 мүшесін полигон жабылуының 25 жылдығына арналған салтанатты шараға шақырды.
Сөз соңында Қазақстан басшысы терроризм тақырыбын да қозғап өтті. "БҰҰ-ның бастамасымен барлық елдердің қатысуымен терроризммен күрестің жаһандық жүйесін құру қажет. Барлығын есепке алып, терроризмге күдікті әрбір адамды бақылауға алу керек. Президент Обаманың саммит өткізу туралы идеясы жалғасын табуы тиіс, әлі барлық проблема толыққанды шешілген жоқ. Меніңше, Қазақстанның осындай саммитті өткізуді сұрауға моральдық құқығы бар. Бұл полигонды жауып, әлемдегі төртінші орындағы ядролық арсеналынан бас тартқан елге құрмет болар еді",-деді Н.Назарбаев. Саммит аясында бірқатар елдің басшыларымен де жолығып үлгерді. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесіп, сауда-экономикалық, саяси және гуманитарлық сферадағы әріптестікті дамытуды талқылады. Қазақстан президенті С.Абэнің Астанаға сапары екі жақты серіктестіктің жаңа деңгейге өтуіне ықпал еткендігін айтып өтті. Сондай-ақ жапондық әріптесімен алдағы күзде Жапонияға баруға уәделесті. Назарбаев и ПМ Японии Финляндия президенті Сауле Ниинистёмен кездесуі барысында ауыл шаруашылық саласындағы, білім беру саласындағы, серіктестік мәселелерін талқылады. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер жүргізіп, венгриялық министрдің Астанаға сапары кезінде қол жеткізген екі жақты келісім-шарттардың жүзеге асырылуын қарастырды. Ал ҚХР-дың төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі барысында мемлекет басшылары алдағы қыркүйекте Шанхайда өтетін «G20» саммитін талқылады. Шараға Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде шақырылған. Сондай-ақ президент Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен, Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен, Иордания королі ІІ Абдалламен, Украина президенті Петр Порошенкомен, Армения президенті Серж Саргсянмен, Литва президенті Грибаускайтемен, Мексика президенті Пенья Нетомен, Чили президенті Бачелетпен, Үндістанның премьер-министрі Модимен, Сингапур премьер-министрі Сянь Лунмен және АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті.

Кубаға сапар

Сенбі күні 2 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Кубаға барып, Гаванада ұлт қаһарманы Хосе Мартидің мемориалына гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсімнен кейін президент мемориал музейін аралап, құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Осыдан кейін мемлекет басшысының Кубаның министрлер кеңесі мен мемлекеттік кеңестің төрағасы Рауль Кастромен кездесуі өтті. b6531c1708cc6ff9b4564a7416686684-small
"Кездесу барысында Қазақстан және Куба басшылары екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту және саяси диалогты жалғастыру арқылы нығайту жолдарын талқылады",-деп хабарлады бұл туралы Ақордадан. Президент БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын Кубаның қолдайтындығына ризашылығын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық және кубалық мамандардың тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ ресми сапар барысында мемлекетке мұнай жеткізу туралы келісім жасалды. Мұнай жеткізу туралы келісім құжат күйінде бекіді. «Бүгін біз Кубаның энергетика және тау-кен өндірісі министрімен өзара ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол қойдық. Бұл бірінші кезекте мұнай-газ өндірісіне қатысты. Әсіресе, Қубаны қоршап жатқан кен орындарын айтып отырмын. Тіпті, Қазақстан мұнайын Кубаның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мүмкіндіктері де қаралуда», — деді  бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Похожие материалы