Париждегі әйгілі Құдай-Ана соборының өртенуі бүкіл әлем назарын аударды. Африкалық аборигендер ғана үнсіз қалған шығар, ақпарат жетсе олар да талай жылдық тарихы бар ғимарат үшін өкініш сезімін білдірер еді. Ал естіген жанның бәрі ол туралы пікір білдіруде.
Парижде тұратын жерлесіміз, экономист Берлин Иришев Facebook парақшасында бұл туралы "Мәңгілік символы және болашаққа деген сенім салтанатының символы бір сәтте күлге айналды", деп жазды. Белгілі экономистің пікірін аударып ұсынамыз.
Уақыт бойынша бұл манифестанттардың 22-ші шеруінен кейін, Францияның Бірінші ханымының 66 жылдық мерейтойының келесі келесі күні болған. Бұл туралы мен сол күні таңертең жаздым. Француздар президент Макронның кешкі бағдарламалық мәлімдемесін күтті, бірақ оның орнына Париждегі Құдай-Ана соборының трагедиясына тап болды.
Құдай ана манифестантарға қол жұмсай алмаған, өзін-өзі өлтірген 26 тәртіп сақшысының өліміне шыдай алмады. Мен бұл туралы жақында жазған едім.
Халық пен билік арасында жаппай қарсыластық туындады. Билік қоғамның наразылық көңіл-күйін бағаламады. Ал қазір бұл жағдайдан қалай шығу керек екенін білмейді.
Наразылық көңіл-күй агрессияға және вандализмге төтеп берді, адам құндылықтары бұзылды.
Париждің Құдай-Анасы бұған ұзақ қарай алмады және ұяттан өртеніп кетті. Ол Франция Президентінің кешкі мәлімдемесін күтпеді және оны адам жүректерінен күл болған кеудесіне «шақырды».
«Міне, шіркеудің ымырасыз мұнарасының қабырғасында жазылған жұмбақ сөзден де, ол сөздің мағынасы білдіретін белгісіз тағдырдан да ештеңе қалған жоқ, - ештеңе жоқ….мүмкін, жақында жер бетінен собордың өзі де жоғалады».
Виктор Гюго, «Париждің Құдай-Анасы соборы».
Өзін құрбан ете отырып, ол, өркениетті қоғамды ақылдылық пен теңдікке шақырды.
Адамдар абай болыңыздар: бір-біріңізді жақсы көріңіздер және құрметтеңіздер.
Күліп тұрған адамды, қайта күлдірмеңіздер (В.Гюго)
NOTRE DAME- NOTRE DRAME!