Жасанды интеллект туралы ең үздік кітап ретінде Гейтс Мустафа Сулейманның «Толқын келе жатыр» (The Coming Wave) атты туындысын атады. Кітапта автор жаңа технологиялардың қазіргі заманға ықпалын зерттейді.
Сондай-ақ, Гейтс Грейди Хиллхаудың «Тап-таза инженерия» (Engineering in Plain Sight) кітабын ерекше атап өтті. Бұл кітап күнделікті инфрақұрылым нысандары — ұялы мұнаралардан кабельдік қораптарға дейін — қалай жұмыс істейтінін түсінікті және қызықты түрде баяндайды.
Биографиялар арасынан оған Дорис Хенкельдің Роджер Федерердің өмірі мен мансабын сипаттайтын «Федерер» (Federer) кітабы ұнаған. Сонымен қатар, Гейтс Дорис Кернс Гудвиннің президенттер Кеннеди мен Джонсонның кеңесшісі Ричард Гудвинге арналған «Аяқталмаған махаббат хикаясы» (An Unfinished Love Story) атты еңбегін де атап өтті.
Балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істейтіндер үшін Гейтс Джонатан Хайдтың «Мазасыз ұрпақ» (The Anxious Generation) атты кітабын ұсынды. Оның айтуынша, бұл кітап оған балалық шаққа жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берген.
Билл Гейтстің кітаптар тізімі әдетте үлкен қызығушылық тудырады, сондықтан бұл еңбектер қазірдің өзінде әдебиет сүйер қауымның талқылауына айналды.