Экономика
Түркияда Премьер-министр ауысты
Түркия Президенті Тайип Эрдоған жаңа тағайындалған премьер-министр Бинали Йылдырымға үкіметті жасақтауды тапсырды, деп хабарлайды
Reuters.
22 мамыр күні билік басындағы Әділдік пен даму партиясының жиыны өтіп, онда партия төрағасы сайланды. Йылдырым бұл орынға жалғыз үміткер болған. Оның кандидатурасын жақтап сьезге келген 1470 делегаттың 1405-і дауыс берген. Бұдан кейін Эрдоған бұған дейін үкімет басқарып келген Ахмет Давутоглудың отставкасын қабылдаған.
Түркияда аталған партияның төрағасы Үкімет басшысы қызметін атқарады. Бинали Йылдырым бұған дейін елдің транспорт, теңіз көлігі және байланыс министрі болып келген.