Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бір жыл ішінде Қазақстандағы жұмыссыздар саны 25%-ға өсті

Бір жыл ішінде Қазақстандағы жұмыссыздар саны 25%-ға өсті

ЕАЭО-тағы жұмыссыздардың саны 4,6%-ға артып, 1,32 млн адамды құрады. Сондай-ақ, ең жоғарғы өсім Қазақсан мен Беларусь елінде болды, деп жазды LS.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) деректері бойынша, 2016 жылдың ақпан айында одақтағы жұмыссыздар саны 1,32 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш одақтағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,4 пайызы. Ал осы көрсеткіш қаңтарда 1,26 млн (1,3%) адам болған еді. 2015 жылдың ақпан айымен салыстырғанда қызметсіздердің саны Беларусь елінде -  42,2%-ға, Қазақстанда - 24,7%-ға, Ресейде - 8%-ға және Арменияда 13,9 %-ға артса, Қырғызстанда 3%-ға азайған. 2016 жылдың 1 наурызында Қазақстанда 65,9 мың адам жұмыссыздар қатарына тіркелген. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 52,9 мың адам болған еді. Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейі Арменияда - 16,6%, Қазақстанда - 5,1%, Қырғызстанда- 8%, Ресейде - 5,8% болды.

Похожие материалы