Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Brent бағасы $65,88 деңгейіне дейін төмендеді

Brent бағасы $65,88 деңгейіне дейін төмендеді

12 қыркүйек күні таңертең мұнай бағасы төмендеді.

Лондондағы ICE Futures биржасында қараша айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстері $0,49-ға (0,74%) арзандап, бір баррель үшін $65,88 болды.

Осыған ұқсас динамика WTI маркалы мұнайда да байқалды. Нью-Йорктағы NYMEX биржасында қазан айындағы фьючерстер $0,53-қа (0,85%) төмендеп, $61,84 деңгейіне жетті.

Бағаның төмендеуіне нарықта мұнай ұсынысының артуы мен сұраныстың баяулауы туралы алаңдаушылық себеп болды. Халықаралық энергетикалық агенттік (МЭА) 2025-2026 жылдарға арналған мұнай өндірісі өсімі бойынша болжамын 200 мың баррельге көтеріп, жылдық өндірісті 107,9 млн баррельге дейін артатынын болжады.

АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметінше, елде мұнай қоры 3,94 млн баррельге, бензин – 1,46 млн баррельге, ал дистилляттар 4,72 млн баррельге артқан. Бұл жазғы маусымда сұраныс күткеннен төмен болғанын көрсетіп, нарықтағы артық ұсынысқа қатысты алаңдаушылықты күшейтті.

Сонымен қатар, геосаяси тұрақсыздық – әсіресе Таяу Шығыстағы жағдай мен Ресей мұнайына қатысты санкциялық қысым – нарыққа қосымша белгісіздік әкелуде.

Ұқсас материалдар