Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 61,4$ болды

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 61,4$ болды

2015 жылдың  16 ақпанында Brent маркалы мұнай бағасы екі күнгі  өсімнен кейін өз құнын тағы да жоғалтып алды деп хабарлайды kursiv.kz.

Жылдың басынан бері Brent мұнайы бағасы 15,61%-ға жоғарылады, ал осы айда өсім 12,15%-ды құрады. Сәуір айына арналған фьючерстерде Brent маркалы мұнай бағасы 0,2% төмендеп, барреліне 61,4$ болды. Сауда күні мұнай бағасы барреліне 60,71$-ға төмендеп,ал ең жоғары баға 62,57$-ға жетті. Күн қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстерімен 165,119 мың келісім жасалған. Америка биржаларында сауда ақпанның үшінші дүйсенбісінде тойланатын АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның күніне орай өткізілмеді.

Похожие материалы