Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің нақты кірісі 4,25%-ды құрады

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің нақты кірісі 4,25%-ды құрады

Алматы. 21 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 172,3 млрд теңгені құрады.

Ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 6 605,0 млрд теңгені немесе 64,9%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 567,3 млрд теңгені немесе 35,1%- ды құрады.

2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 396,3 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 3,77% болды.

БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы тамыз – 2019 жылғы шілде аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,4% мөлшердегі инфляция кезінде 9,65%- ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,25%-ды құрады.

БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады. Мұндай портфель құрылымында Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 50,28%, ҚР ЕДБ қаржы құралдары – 23,35%, квазимемлекеттік сектор облигациялары – 19,08%, ХҚҰ облигациялары – 5,24%, өзге активтер – 2,03%, ақша – 0,03%.

Шетел валютасындағы портфель құрылымында шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары үлкен үлесті алады – 32,38%. Бұдан әрі Қазақстан Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 18,96%, шетелдік банктердегі депозиттер – 13,31%, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздары – 9,39% және басқалары орналасады.

БЖЗҚ-ның шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтері қордың инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

Похожие материалы