Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Даму» қоры Online Damu интернет-порталын іске қосты.

«Даму» қоры Online Damu интернет-порталын іске қосты.

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – «Даму» қоры АҚ Online Damu (online.damu.kz) интернет-порталын іске қосты.

Енді «Даму» қорының қызметтерін екшеп, бизнесіңізге ыңғайлысын таңдау үшін экранды бірнеше рет түрту ғана керек. 

Сондай-ақ кепілдік пен субсидияға, Қордың басқа да қызметтерін алуға үйден шықпай-ақ өтінім бере аласыз.

Қазір порталға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан облысы бойынша аймақтық филиалдар арқылы өтінім беруге болады.

Мәселен, 18 маусым күні Шымкенттік кәсіпкер Online Damu порталы арқылы жүк тасымалы қызметіне алған несиесін субсидиялауға өтінім берді. «Даму» қоры жобаны қарап, портал арқылы түскен өтінімге шешім шығарып, ілеспе хатты банкке жолдады. Өтінімді қарастыруға 3 жұмыс күні кетті.

«Даму» қорының қызметтеріне қыркүйек айынан бастап басқа филиалдар да портал арқылы қол жеткізе алады.

Похожие материалы