Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Денсаулық сақтау саласы 257,1 млрд теңгеге қызмет көрсетті

Денсаулық сақтау саласы 257,1 млрд теңгеге қызмет көрсетті

2016 жылдың 1 тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласындағы 257,1 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл туралы Energyprom.kz сараптамалық қызметі хабарлайды.

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 19,6%-ға артық. Медициналық қызмет пен әлеуметтік қызметтің 83%-дан астамы бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылған. Қызметтің 11,6%-ы тұрғындардың өз есебінен (29,7 млрд теңге) және 5,3% кәсіпорындар есебінен (13,8 млрд теңге) жүргізілді. 2015 жылдың 1 тоқсанында да осындай үлес болған еді. Қызметтің басым бөлігі (56,6%) емханалар арқылы көрсетілген, қаржы көлемі 145,5 млрд теңгені құрайды. Өткен жылғымен салыстырғанда 23,6%-ға артық. Жалпы дәрігерлерлік тәжірибе бойынша 45,5 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Жалпы қызмет секторындағы денсаулық сақтау саласының үлесі 95,8%-ды құрады.

Похожие материалы