Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллардың бағамы 378 теңгеге дейін өсті

Доллардың бағамы 378 теңгеге дейін өсті

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,02 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,47 теңге/$1) ұлттық валюта 0,55 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,40 теңге, жабылу курсы бір долларға 378 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 23 млн 310 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 64.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379,3 теңге, Алматыда – 379,8 теңге.

Ұлттық Банктің 27 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,65 теңгені құрайды.

Похожие материалы