2015 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі жиынтықталған инфляция 2014 жылдың сәуірімен салыстырғанда 15%-ға жоғарылады деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) статистика департаменті.
2014 жылыдң сәуір айында тұтынушылық бағалардың өсімі 2013 жылдың сәуірімен салыстырғанда 7,7%-ды қамтыған болатын.
Ресейде инфляция көлемінің артуы ең жоғары деңгейде - 16,4%. Өз кезегінде бір жыл ішінде Беларусь еліндегі тұтынушылық бағалар бір жыл ішінде 15,5%-ға жоғарылаған. Арменияда бұл көрсеткіш 4,8%-ға жетті, Қазақстанда - 4,6%.
Сонымен қатар 2015 жылдың сәуір айында ЕАЭО-дағы инфляция 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 7%-ға артқан.
"2015 жылдың сәуір айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстан мен Ресейде тұтынушылық тауарлардың бағасы ең жоғарғы қарқынмен өскен - сәйкесінше 5,5% және 21,9%. Арменияда - тұтынушылық емес тауарлар (7%), Беларусь елінде - ақылы қызметтер (23,6%)", - деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.
Ал Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, мамыр айында еліміздегі инфляция 0,3%-ға өскен.