Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Air Astana ас мәзіріне манты енгізді

Air Astana ас мәзіріне манты енгізді

Air Astana Алматы, Париж, Ыстамбұл және Астанадан ұшатын рейстерге жаңа мәзір енгізеді. Енді жолаушылар түрлі тағамдардың дәмін тата алады деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, көптеген өтініштерге орай Air Astana ұлттық тағамдарды көбейтуді жоспарлап отыр, мәселен, кейбір аймақтық бағыт үшін манты ұсынылады. Бұл тағам Астанадан ұшып шығатын рейстердегі бизнес-класс үшін дайындалған 6 өзгермелі мәзірлердің бірінде болады.

"Жаңа мәзір дайындай отырып, біз тағамдардың алуан түрлі болуына назар аудардық. Егер бизнес-кластағы жолаушыларға манты ұнаса, оны эконом-класқа да енгізуді қарастырамыз. Алдағы уақытта екі класта да ұлттық тағамдардың болуына көңіл бөлеміз", - дейді Air Astana әуекомпаниясының бас аспазы Ричард Хайлэнд.

Похожие материалы