Экономика
Авто
ЭКСПО-2017, Универсиада құрылысын аяқтауға 194,5 млрд теңге бөлінеді
Үкімет 2016 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі мен Универсиада құрылысын аяқтауды жеделдету үшін және "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға 194,5 млрд теңге бөледі. Аталған қаржы Ұлттық қорда доллар бағамы 300-ден 360 теңгеге дейін жоғарылағандағы курс айырмашылығы есебінен қалыптасқан. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған нысандар құрылысын аяқтауға 85 млрд доллар бөлінеді. Оның ішінде 60 млрд теңге көрме контенттері мен павильондарды, ІТ инфрақұрылымдарын құруға және іс шараларды өткізуге бағытталады. Ал 15 млрд теңге Ұлттық қордың 2014 жылғы 11 маусымындағы шешіміне сәйкес, көрме алаңында орналасқан ойын-сауық орындарын және тұрғын үй құрылысын аяқтауға жұмсалады", - деді Е.Досаев.
Сондай-ақ, 33,6 млрд теңге Қысқы Универсиаданы өткізуге жұмасалады. Өз кезегінде 10,9 млрд теңге Алматыдағы 3 мыңнан 12 мыңға дейінгі орынды қамтитын мұз айдынының құрылысын аяқтауға бөлінеді. 4,8 млрд теңге - тұрғын үй, коммуналдық құрылысты аяқтауға және қайта құрылымдауға бағытталады.
Министрдің сөзінше, "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға 2016 жылы 75,9 млрд теңге бөлінеді.
Фото: astanafm.kz