Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елордада жылу энергиясы бойынша тариф өзгеруі мүмкін

Елордада жылу энергиясы бойынша тариф өзгеруі мүмкін
 «Жылу энергетикасы туралы» Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап «Астана-Теплотранзит» АҚ-ға жылу энергиясын тұтынушыларға сату функциялары беріледі.

Қазіргі кезде акцонерлік қоғам келесі реттелетін қызмет түрлері бойынша табиғи монополия субъектісі саналады: жылу энергиясын беру және бөлу, сондай-ақ жылу энергиясымен қамтамасыз ету. Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 302-тармағына сәйкес, «Астана-Теплотранзит» 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшіне енетін жеңілдетілген тәртіпте жылу энергиясын жеткізу тарифін бекітуге өтінім дайындады,   –   деді «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Амангелдинов.

Оның айтуынша, 2025 жылға арналған бекітілген өндірістік бағдарламаға сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі жылына 9 млн 178 мың 588 Гкал шамасында жоспарланған. Жалпы, жылу энергиясын жеткізуге жұмсалған шығындар 2 млрд 542 млн 520 мың теңгені құрады.

  –  Жылу энергиясын қамтамасыз ету тарифінің жобасы «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның қолданыстағы тарифінен ҚҚС-сыз 65,6 теңге/Гкал-ға немесе 30,9 пайызға өсумен ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 278,13 теңгеге жетеді. Орташа сату тарифінің өсуі ҚҚС-сыз 65,5 теңге/Гкал немесе 1,4%-ды құрады, – деді С. Амангелдинов.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы қарашадағы бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 272-1-тармағында жалпы ауданның мөлшерін ескере отырып, жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде бірінші топ тұтынушылары, халық санатына жататын жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінеді:

  – 1-кіші топ – халық санатына жататын жеке адамдар, жылытылатын аудан 100 шаршы метрге дейін;

  – 2-кіші топ – халық санатына жататын жеке адамдар, жылытылатын аудан 100-ден астам және 200 шаршы метрге дейін;

  – 3-кіші топ – халық санатына жататын жеке адамдар, жылытылатын аудан 200 шаршы метрден астам.

«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, 1-кіші топ үшін тариф ең төменгі деңгейде, 2-кіші топ үшін оның деңгейі 10 пайыз жоғары болса, ал 3-кіші топ орташа өткізу тарифінде ең жоғары деңгейде төлейді.  

Атап айтқанда, осы дифференциация тұрғындардың 90 пайызына қатысты болмайды. Себебі қаладағы тұтынушылардың басым бөлігі 100 шаршы метерге дейінгі пәтерлерде тұрып жатыр. Сондықтан сараланған тәсіл баспанасы 100 шаршы метрден асатын 10 пайыз тұрғынды қамтиды. Бұл тұрғыда пәтері 200 шарты метрден асатын тұрғындар 1 пайызды құраған.

«Астана-Теплотранзит» осы өтінімін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне ұсынды. Департамент оны әлі бекіткен жоқ.

Ұқсас материалдар