Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook өзінің төлем жүйесін іске қоспақ

Facebook өзінің төлем жүйесін іске қоспақ

Facebook әлеуметтік желісі сейсенбі күні АҚШ-та өзінің төлем жүйесін іске қосатынын хабарлады.

Компанияның хабарлауынша, жүйені қолдану үшін тұтынушы Facebook Messenger, қосымшасын орнатып алуы тиіс. Ол жерде достарыңызға қаражат аударуға мүмкіндік бар. Facebook  транзакциялар үшін қосымша ақша алмайтын болады.

Аталған жүйе АҚШ-та алдағы айларда іске қосылады. Ол iOS, Android және дербес компьютер арқылы Facebook  қолданатындарға қолжетімді болады.

Ақшалай қаражаттар тұтынушының көрсеткен банктік дебет картасы арқылы аударылып, бір-екі күнде келесі қолданушының есепшотына түсетін болады. Аталған қызмет қауіпсіз болуы үшін, ұолданушының желі арқылы байланысы шифрланады. Ал, күдікті аударымдарды арнайы мамандар тобы бақылауда ұстайтын болады.

Похожие материалы