Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ForteBank ForteLeasing капиталындағы үлесін арттырмақ

ForteBank ForteLeasing капиталындағы үлесін арттырмақ

ForteLeasing лизинг компаниясының 75,6% акциясына иелік ететін ForteBank компанияның миноритарлық акционерлерге тиесілі үлесін сатып алмақ. Бұл туралы банкке сілтеме жасап Kapital.kz іскери ақпарат орталығы хабарлайды.

"2013 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабының 3 тармағына сәйкес «ForteLeasing» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) 1 млн 179 мың 323 акциясына иелік ететін "ForteBank" АҚ (бұдан әрі - Банк) Қоғам акционерлеріне оларға тиесілі Банк акцияларын бір акциясына 1 262,02 теңге бағасымен сатуды ұсынады", - деп айтылады банк хабарламасында.

Банктегілер ForteLeasing-тегі акцияларын сатқысы келетін акционерлер акциялардың сатылуын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күн ішінде Банк шотына лизингілік компанияның оларға тиесілі акцияларын аударуы тиіс деп шарт қойған.

Қазіргі уақытта жинақтап алғанда ForteLeasing-тің миноритарлық акционерлері 258 мың 459 акцияға иелік етеді, егер олар өз қағаздарын сатқысы келсе, ForteBank 326 млн 155 мың теңге төлейтін болады.

Похожие материалы