Ресей нарығындағы орын алған негативті жағдайға қарамастан Германияның машина құрастыру саласындағы экспорт көлемі 2014 жылы абсолютті рекорд орнатып, 2%-ға өсті деп хабарлайды Deutsche Welle.
Дегенмен неміс экономистерінің айтуынша ресей-украина дағдарысы мен рубльдің құнсыздануы жалпы көрсеткішке кері әсерін тигізген. Неміс бизнесінің арасындағы сенімділіктің төмендеуі Германияның сыртқы инвестициялық белсенділігіне де негативті ықпал еткен.
Сондай-ақ, ең маңызды нарықтың бірі болып саналатын Түркиядағы лира курсының төмендеуіне байланысты өткен жылдағы жеткізілім көлемі 15% төмендеді.
Сарапшылар осы жылы германдық машинажасау өнімдері тағы да рекордты көрсеткішке өседі деп болжап отыр. Бұған еуро курсының төмендеуінен немстік тауарлардың АҚШ-та бәсекеге қабілеттілігін арттыра білуі себеп болмақ.