Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google еуропалық газеттермен жаңа жоба бастамақ

Google еуропалық газеттермен жаңа жоба бастамақ

Американдық Google  интернет-компаниясы еуропалық бірқатар газет конгломераттарымен келісім жасасты. Оның басты себебі - газеттердің көмегімен интернетте көбірек қаржы табу деп хабарлайды BBC.

Google жаңа сандық жобаларға шамамен 160 млн АҚШ долларын жұмсамақ. Ол жобалар жарнаманы алға жылжыту және жаңалық қосымшаларымен байланысты болады. Кейбір баспагерлер Google тәжірибесіне түбегейлі қарсы. Олардың айтуынша, тегін жаңалық контентін интернетте жариялау баспа газеттері мен жарнамадан келетін пайданы азайтады. Компанияның жаңа жобасын Financial Times, Guardian, El Pais және Die Zeit сынды бірқатар баспалар қолдап отыр.

Похожие материалы