Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google фотографтарға арналған әлеуметтік желі ашады

Google фотографтарға арналған әлеуметтік желі ашады

Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Google корпорациясы фотосуреттермен алмасу үшін жаңа қосымша дайындап жатыр. Бұл туралы TechCrunc хабарлады.

Жаңа қосымшаның көмегімен ортақ топ құру арқылы бірнеше адам фотосуретті бір уақытта өңдей алады.

Құрастырушылардың айтуынша, бағдарлама хабарлама алмасуға арналмаған. Қолданушылар сурет алмасу үшін топтар аша алады. Ол жерде барлық қатысушылар фотоны өңдеп, белгілей алады.

Қосымша қазіргі уақытта қоланыстағы Allo және Duo бағдарламаларымен қатар жұмыс істейді.

Жоспар бойынша, Google бұл қосымшаны 2017 жылдың мамырында шығарады.

Похожие материалы