
Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - Халықаралық полиция Мұхтар Әбілязовты іздеу туралы «қызыл хабарламаны» алып тастады. Бұл туралы ria.ru хабарлады.
"Халықаралық полицияның шешімінен соң Мұхтар Әбілязов емін-еркін жүріп-тұра алады." -деді Әбілязовтың адвокаты Питер Салас.
Естеріңізге салайық, БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов 2017 жылдың 7 маусымында қылмыстық ұйым құрып, банк қаражатын жымқырғаны үшін 20 жылға сотталған болатын.