Экономика
IT, Технология
iOS 9-ды бұзу үшін хакерлерге миллион теңге ұсынды
Жаңа iOS 9-ды бұзу үшін хакерлерге миллион теңге ұсынған. Бұл жөнінде "Вести.Ru" хабарлайды. Сыйақыны бағдарламамен қамтамасыз етуді "жырықтардың" эксплойты мен ақпараттарын сатып алатын Zerodium компаниясы береді.
Ақшаны "эксклюзивті "джейлбрейк" браузері негізінде жаңаша Apple iOS 9 операциялық жүйе ретінде жасап шығарған маманға береді. Компания оларға бұрын соңды ешкімге бегілі болмаған осалдықтарын табуды талап етіп отыр. Сонымен қатар мұндай "джейлбрейк" пайдаланушы тарапынан веб-беттерге кіргенін немесе SMS-теріне басқалардың қол сұғуына жол беруі кере дейді.
Айта кетсек, осындай эксплойттар бұрын шығарылған еді. 2007 мен 2008-жылдар арасында iPhone-ды бір ғана батырма арқылы бұзуға мүмкіндік беретін JailbreakMe.com сайты жұмыс атқарған. Содан кейін Apple iOS-ын қорғауды шындап нығайтты. Алайда Zerodium iOS 9 осал боса да, қазіргі уақыттағы ең қауіпсіз мобильді операциялық жүйе екендігін мойындады.