Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты – Ұлттық банк төрағасы

Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты – Ұлттық банк төрағасы

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Ұлттық валюта бағамы жыл басынан бері бір АҚШ доллары үшін 384,2 теңгеден 379,43 теңгеге дейін нығайды, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Банк ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығын жеткізді және бұл әдеттегідей Ұлттық банктің қатысуынсыз сұраныс пен ұсыныстың нарықтық факторларының негізінде қалыптасқан.

«Бағам белгілеудің іргелі драйверлері оңтайлы қалыптасуда. Мәселен, жыл басынан бастап мұнай бағасы бір баррель үшін $54-тен $70-ке дейін өсті. Мұнай бағасының өсуі, сондай-ақ шетелдік портфельдік инвестициялардың әкелінуі аясында жыл басынан бері Ресей рублінің нығаюы байқалады», – делінген бас банктің хабарламасында.

Алайда, банк мәлеметінше, АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда қақтығысының байланысты барлық дамушы елдердің валюталарына қысым түсіп отыр.

Сәуірдің соңында жалпы халықаралық резервтер 86,4 млрд АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың активтері  жылдың басынан бері 58 млрд АҚШ долларынан 59,3 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

Похожие материалы