Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экс-қаржы полициялары Лариса Пакты қылмыстық қудалағаны үшін тергеуге алынды

Экс-қаржы полициялары Лариса Пакты қылмыстық қудалағаны үшін тергеуге алынды

Қазақстан. 7 шілде. 7kun.kz – Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқандардың үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлері рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, аталған дерек бойынша соталды тергеуді басталды.

«2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. 2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Лариса Пак қайтыс болды. 2020 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды», - делінген хабарламада.

Похожие материалы