Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Энергетика вице-министрі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Энергетика вице-министрі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz – ҚР Бас прокуратурасы ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға қарсы қылмыстық іс қозғады, - деп мәлімдеді Бас прокурор Қайрат Қожамжаров.

«Заң тарапынан жақында Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалған Шкарупаға қатысты шағым бар. Осыған дейін Саран қаласы әкімі лауазымында болған.  Ол 2015 жылы Қарағанды облысы Саранда жылуды есептеу құрылғыларын орнатуға бөлінген 215 млн теңгені жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілікті. Есептеуіш құралдар бос қабырғаларға орнатылған. Аталған факті бойынша біз қылмыстық істі тергеуге кірістік», - деді Қ. Қожамжаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның екі Энергетика вице-министрі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікке ілінген болатын. Атап айтқанда, энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті болып, нәтижесінде мемлекетке 740 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Сондай-ақ, ұлттық бюро 1 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен ұсталған Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековке қатысты істі қарап жатыр.

Похожие материалы