Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Астана. 4 маусым. 7kun.kz - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Дүтбаевпен бірге ұсталған өзге де фигуранттарының қамауда отыру мерзімі ұзартылды.

"Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты күдікті Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 26 шілдесіне дейін ұзартты", - дейді Астана сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұл тұлғаларға қатысты тергеу құпия түрде жүріп жатыр.

Еске салсақ, Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болды. Ол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бұрынғы басшыға қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген. Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаев "Мемлекеттік құпияны жария ету" және "Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану" деген күдікпен ұсталған болатын. Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалды.

Похожие материалы