Долларға қатысты теңгенің орташа курсы бейсенбі күнгі Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбімен салыстырғанда 1 теңгеге өсті.
Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда былайша аяқталды:АҚШ долларының орташа курсы 240,06 теңге болды. Сауда көлемі - 8 000 АҚШ долларын құрады. Естеріңізге сала кетсек, кешегі сәрсенбі күнгі сауда 241,15 теңгемен жабылған болатын.