Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 45-орында тұр

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 45-орында тұр

Speedtest Global Index 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингін жариялады.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстан 45-орынға көтеріліп, өткен кезеңмен салыстырғанда бір сатыға жоғарылаған.

Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Канада, Италия, Испания, Германия, Ұлыбритания және Жапония секілді дамыған мемлекеттерді артта қалдырған.

Қалалар рейтингінде Астана мен Алматы қатар орналасқан:

  • Астана – 62-орын (5 орын төмендеген), жүктеу жылдамдығы: 132,13 Мбит/с

  • Алматы – 63-орын (2 орын төмендеген), жүктеу жылдамдығы: 130,72 Мбит/с

Ал фиксацияланған кеңжолақты интернет бойынша Қазақстанның нәтижесі төмендеу – ел 89-орында тұр. Дегенмен бұл алдыңғы рейтингтен бір саты жоғары көрсеткіш. Орташа жылдамдық – 82,47 Мбит/с.

Мобильді интернет бойынша алғашқы бестікте:

  1. БАӘ – 652,87 Мбит/с

  2. Қатар – 515,23 Мбит/с

  3. Кувейт – 384,40 Мбит/с

  4. Бразилия – 251,55 Мбит/с

  5. Болгария – 237,03 Мбит/с

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан мобильді интернет сапасы бойынша 47-орында болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 орынға жоғары нәтиже.

Ұқсас материалдар