
Бұл туралы Үкімет отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді.
Қор екінші деңгейлі банктердің өтімділігін экономикаға несие беруге және жеке және мемлекеттік қатысушылар үшін қаржыландырудың тартымдылығын арттыру құралы ретінде қызмет ететін болады.
Механизмнің негізгі мәні мынада – мемлекет ірі жобаларды несиелендіруге байланысты қаржылық тәуекелдердің бір бөлігін өзіне алады. Бұл қаржыландыруға қол жеткізу мен шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді, өз кезегінде экономика үшін маңызды бастамаларды дамытуға ықпал етеді. Холдинг жанынан Кепілдік қоры құрылып, құны 7 млрд теңгеден басталатын жобаларды қолдауға бағытталады.
«Бұл қор ірі және стратегиялық маңызды жобаларды жеткілікті кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін пәрменді құрал болады. Жоба бастамашысы жоба құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде өзінің қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Жоба құнының қалған 80%-ы екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан Даму банкі несиесі есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте, кредиторлар үшін Холдингтің кепілдігі қаржыландыру сомасының 30%-ына дейін болады», – деп атап өтті отырыста Рустам Қарағойшин.