Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанға Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды

Қазақстанға Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды

«Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Ресей Федерациясының Самара облысынан Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігі ұсталды.

Тексеру барысында көліктен құжаттары талапқа сай келмейтін 20 тонна құс еті анықталды.

Ведомство мәліметінше, өнімді шығарған кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақтың реестрінде болмай шыққан және Қазақстан аумағына жануарлардан алынатын өнім экспорттауға рұқсаты жоқ. Осыған байланысты жүк көлігі ветеринариялық-санитариялық талаптарды бұзғаны үшін тауарымен бірге кері қайтарылды.

Көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері ветеринариялық заңнаманы бұзудың 204 фактісі тіркелген. Тексерістер нәтижесінде 204 көлік кері қайтарылып, 130 әкімшілік хаттама рәсімделген. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгеден асты.

Ұқсас материалдар