Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышевтың банкі Мәскеу сотында жеңіске жетті

Кеңес Рақышевтың банкі Мәскеу сотында жеңіске жетті

Мәскеу. 23 ақпан. 7kun.kz - Никулинск соты кредитті валютада алып, кейін кредиттерін «2016 жылдың қаңтарындағы долларына 39,5 рубль курс шамасына қайта құрылымдап беруді» сұраған 52 клиенттің арызын қанағаттандырмаған еді. Кейін олар Мәскеу қалалық сотына істі қайта қарауға арыз жазған. Алайда Мәскеу қалалық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы kaliningradnews.ru жазды.

Кредитті екі жақтың келісімімен қайта құрылымдау Ресейдің орталық банкінің кеңесі ғана болатын, осы себепті сот арызданушылардың өтінішін құп көрмей, кредит алғандардың «Москоммербанкпен» жасасқан шарт бойынша берешегін өтеу туралы шешім қабылдады.

Бірақ айыптаушылардың қорғаушысы Вячеслав Курилин «52 клиенттің соңына дейін баратынын, қазір Мәскеу қалалық сотына кассациялық арыз дайындап жатқанын» жеткізді. Ал Москоммерцбанка өкілдері әзірге қандай да бір комментарий беруден бас тартып отыр.

Айта кетейік, Москоммерцбанк — Қазақстандағы ірі банткердің бірі Qazkom-ның еншілес банкі.

 

Похожие материалы