Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – Елдегі кезектен тыс президент сайлауына Үкімет резервінен шұғыл шығындар үшін 9,4 млрд теңге бөлінуі мүмкін.
«ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» қаулыға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына - 9 347 885 000 теңге, ал Сыртқы істер министрлігіне 56 886 000 теңге бөлінеді.
Айта кетейік, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау Қаржы министрлігіне тапсырылды.