Жаңалықтар
Киберқауіпсіздік бақылауы күшейтілді: ҰҚК-ге қосымша өкілеттіктер берілді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 9 ақпандағы Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Жаңа құжатқа сәйкес, ҰҚК ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жүргізу, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда міндетті нұсқамалар беру және арнайы техникалық құралдарға берілген рұқсаттарды тексеру құқығына ие болды.
Сонымен қатар комитет ақпараттық қауіпсіздік пен жедел-іздестіру қызметіне арналған құралдар саласындағы рұқсаттардың сақталуын бақылап, жоспардан тыс тексерулер жүргізе алады.
Жарлық 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап күшіне енді.





