Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сағынов: Комитеттер мемлекеттік қызметтің беделін түсірмеу керек

Сағынов: Комитеттер мемлекеттік қызметтің беделін түсірмеу керек
Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің отырысы өтті деп хабарлайды ИЖД министрлігінің баспасөз қызметі.  2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен 2017-2020 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен және ұлттық қордан бөлінген қаражатты пайдалану кезінде қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар  отырыста қаралған негізгі мәселелердің біріне айналды. Замир Сағыновтың айтуынша, комитеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың бұзылуына жол бермеулері тиіс және мемлекеттік қызметтің беделін түсірмеу үшін аумақтық бөлімшелермен жұмыс күшейтілуі керек. Кездесу барысында министрліктің, ведомстволардың және олардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің 2017 жылдың 2-3 тоқсандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, кеңес мүшелері министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында - «Бәйтерек» ҰБХ » АҚ, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазахавтодор» РМК мен «ҚИДИ» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы есептерін тыңдады. Баяндама жасаушылардың айтуынша, ведомстволық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары арнайы әзірленген стандарттар мен жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Халықтан келіп түскен барлық шағымдар бойынша олардағы заң бұзушылық деректерді жою үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ашықтығын, мамандардың әлеуетін нығайту мен кадрларды іріктеудегі меритократия қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Инвестициялар және даму министрлігінің есебі бойынша, соңғы 10 жылда Қазақстанға 250 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылған.

Похожие материалы