Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Қытаймен арадағы бес автокөлік өткелі уақытша жабылды

​Қытаймен арадағы бес автокөлік өткелі уақытша жабылды

Қытайда ұлттық мерекелерге байланысты 1–3 қазан күндері (ҚХР құрылу күні) және 6 қазанда (Ай мерекесі) Қазақстанмен арадағы автокөлік өткелдері жабылады.

Бұл шектеу Бақты, Достық, Қалжат, Майқапшағай және Нұр Жолы бекеттерін қамтиды. Осы күндері автокөлікпен жүк тасымалы толық тоқтатылады.

Ал Достық пен Алтынкөл бағыттары бойынша теміржол өткелдері қалыпты режимде, тәулік бойы жұмыс істей береді.

Тасымалдаушыларға маршрут пен жеткізу мерзімдерін алдын ала түзетіп, логистиканы жоспарлау ұсынылады, деп екертті шекарашылар. Бұл шекарадағы кідірістерден туындайтын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар