Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Lamborghini енді спорт көліктерінен бөлек, жол талғамайтын көліктер де шығара бастады. Бұл туралы naryk.kz жазды.
Urus атты жаңа кроссовері төрт есікті.
Компания басшылығының мәліметінше, Авентадор және Хуракан сияқты спорт көліктерімен танылған Ламборгини енді жаңа дәуірге аяқ басады.
Жол талғамайтын көліктің сатылымы компания өнімдерінің саудасын екі есе арттырады деп жоспарланып отыр. Алдын ала жасалған болжам бойынша, 2019 жылы компания 7 000 Urus көлігін шығармақ.
Жаңа көлік 2018 жылдың соңына қарай сатылымға түседі.