Экономика
Экономика1
Әлем бойынша никель шығару қарашада сұраныстан 5 ай қатарынан асып түсіп отыр
Тазартылған никельдің әлемдік өндірісі 2014 жылдың қараша айында сұраныстан асып түсіп отырғанына 5 ай болды. Бұл ақпаратты Халықаралық никель зерттеушілер тобының (International Nickel Study Group, INSG) алдын ала хабары растайды.
Қазан айында қайта қаралған 13 мың тонна профицитпен салыстырғанда артық шығарылуы 3 мың тоннаны құрады.
Никель өндірісі өткен жылдың қаңтар-қараша айларында сұраныстан 51,6 мың тоннаға артық болса, 2013 жылы ол шама 138,5 мың тонна болды деп мәлімет келтіреді Bloomberg агенттігі.
INSG тәуелсіз үкіметаралық ұйым болып табылады. Ол 1990 жылы Лиссабонда (Португалия) құрылған. Бұл топтың мүшелігіне никель пайдаланатын және өндіретін елдер кіреді: Аустралия, Бразилия, Куба, Греция, Италия, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ресей, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Швеция, Жапония, сонымен қатар, Еуропалық комиссия мен Германия (қауымдастырылған мүше).